Пятница, 04 Июля 2025

Бәйшешекті аялайық

Бәйшешекті аялайық

Бәйшешек - Қызыл кітапқа енген гүл болғандықтан, оны сақтау маңызды. Алайда, көктемнің басында жаппай шығатын бәйшешекке «көз тігушілер» көп. 
Оны саудалап, табыс тапқысы келетіндер де осы кезде қарап қалмайды. Осындай, қыр гүлін бей-берекет жұлатындардың өрескел ісі тыйылмайтын болса, көктем хабаршысына айналған гүлдің суретін ғана көретін боламыз. Алматыда да ғұмыры қысқа бәйшешек гүлін саудаға салатындардың қарасы көбейді. Сатып алушылар да жетерлік.
Көбіне Іле, Жетісу, Күнгей Алатауының баурайында өсетін бәйшешек гүлінің қазіргі жайы ойлантпай қоймайды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қызыл кітапқа енген гүлді заңсыз жұлып, саудалаушыларға тыйым болмай отырғанын айтады. Егер бәйшешекті саудалағандардың гүлді табиғи қорықтардан жұлғаны анықталған жағдайда 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бәйшешекті жұлған тұлғаның қылмыстық жазаға тартылуы, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өсімдіктің бұл түрінің сиреп бара жатқанын ескерген табиғат қорғаушылары оны 2006 жылдан бері Қызыл кітапқа тіркеген екен. Сондықтан бәйшешекті жұлмаған жөн.

Жанаргүл Ниеталиева, 
Іле-Алатауы МҰТП
Түрген филиалының 
эколог-ағартушысы.

Другие новости

Saqtan: молодежь Алматинской области против наркотиков  и вредоносного контента

Saqtan: молодежь Алматинской области против наркотиков и вредоносного контента

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная...

  03.07.2025   120
Развитие стартапов и цифровых решений в Алматинской области

Развитие стартапов и цифровых решений в Алматинской области

Алматинской области продолжается системная работа...

  03.07.2025   105
Укладка асфальта завершится в срок

Укладка асфальта завершится в срок

На встречах с акимом Алматинской области Маратом С...

  03.07.2025   199
Живите без долгов

Живите без долгов

Сегодня сложно представить жизнь без электричества...

  03.07.2025   131
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.