Среда, 15 Октября 2025

Ұғым мен таным

Ұғым мен таным

Мемлекеттік қызмет - ұғым, ұғым ол - таным. Танымның адам болмысына тікелей әсер етуші фактор екенін алға тартсақ, бір ұлттың болмысын оның мемлекеттік қызметшілері арқылы тануға болатынын  аңғарамыз.

Өзінің ісінде, қызметі барысында халықтық ахуалға терең ой жүгіртіп қоғам өмірінің рухани және әлеуметтік жағдайын ескере отырып шешім шығаратын да, жүзеге асыратын да - мемлекеттік қызметшілер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызмет жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашық болғаны дұрыс. Кадрлық резервті нығайту керек», - деп айтылған сөздерін  терең түсінуіміз тиіс.

Қазіргі жаһандану заманында тұғырлы еліміздің мемлекеттік қызмет саласында кемел әрі тегеурінді, сапалы кадрлардың керектігі сезілетіні анық. 

Жалпы, адам әлеуетін дамыту – маңызды мәселенің бірі екенін алдыға тартатын болсақ, сапалы, болмысы терең басшылардың кадрлық болашағын тиімді қадағалау мақсатпен болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әр деңгейде құрылған  кадрлық резервтердің жүйелі жұмысын айқындау, жаңа буын өкілдерімен белсенді, жүйелі жұмыс атқырылуы ақыл-ой мен парасаттың  ісі десек болады.

 Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару жүйесінде кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастыру – ел дамуының маңызды шарттарының бірі. Осы тұрғыда кадрлық резервті қалыптастыру – мемлекеттік қызметтің жүйелі жүруі мен сапасын қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Кадрлық резерв – бұл болашақта мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін іріктелген, кәсіби және білікті мамандардың тобы. Олар белгілі бір даярлық пен тәжірибе негізінде жоғары немесе жауапты лауазымдарға дайындалады. Мемлекеттік қызметте бұл жүйе меритократия қағидатын жүзеге асыруға, яғни лайықтыларды ілгерілетуге бағытталған және мемлекеттік қызметтің тұрақты дамуы мен сапалы кадрлық әлеует қалыптастырудың негізгі механизмі. Бұл жүйе арқылы басқарушылық лауазымдарға кәсіби, білікті әрі ынталы мамандарды даярлап, мемлекеттің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға болады. Сондықтан кадрлық резервті дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбай: «Мемлекеттік қызметшілерге тән жаңа мәдениет «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделеді. Мемлекеттік қызметшілер осы қағиданы ескеріп, жұмыс тәсілін өзгертетін болса жаңа мәдениет олардың бойынан көрініс табары анық», - деп  айтқан болатын.

Үдерістер мен қоғамдық даму сапалы менеджментті, креативті көзқарастарды талап ететіні әлемдік тәжірибе мен қоғамдық пікірталас тақырыптарынан белгілі. Болжамды экономика, сервистік мемлекет бағдарына тікелей жауап бере алатын мамандар қай кезде де сұранысқа ие.

Нұрсұлтан Сейдалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы.

Другие новости

В Алматинской области продолжается системная работа по возврату неиспользуемых земельных участков в государственную собственность.

В Алматинской области продолжается системная работа по возврату неиспользуемых земельных участков в государственную собственность.

По поручению акима области на постоянной основе пр...

  14.10.2025   88
Алматинская область перевыполнила план по вводу жилья за 9 месяцев 2025 года

Алматинская область перевыполнила план по вводу жилья за 9 месяцев 2025 года

В Алматинской области введено в эксплуатацию 901,4...

  13.10.2025   177
Какие компании занимаются вывозом мусора в городе Қонаев?

Какие компании занимаются вывозом мусора в городе Қонаев?

В целях обеспечения своевременного вывоза твердых...

  13.10.2025   185
Молочная юрта Саиды

Молочная юрта Саиды

Молочная продукция из села Туздыбастау Талгарского...

  13.10.2025   209
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.