Вторник, 21 Апреля 2026

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы жұмыстар

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы жұмыстар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департамент өз қызметінде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірде Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы № 872 Жарлығы қабылданған.
Аталған Жарлыққа сәйкес Департамент өңірлік деңгейде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделейді, мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізеді.
Бұл мемлекеттік органдардың қайталанатын және артық міндеттерін, функцияларын; артық, шектен тыс, негізсіз талаптарды және (немесе) шығындарды; алдамшы, жалған және негізсіз, оның ішінде әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты қызметті; құқықтық актілердің, ақпараттық жүйелер мен ресурстардың, сондай-ақ басқарушылық қызметтегі олқылықтардың орнын толтыруға және кемшіліктерін жетілдірудегі кедергілерді жою жөніндегі міндеттерді қамтиды.
Кедергілерді анықтау кезең-кезеңімен жеке тақырыптық бөліністерге сәйкес жүргізіледі. 
Мәселен, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша              ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бекітілген бөлініске сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі салалары бойынша тиісті талдау жұмыстарын өңірлік деңгейде мемлекеттік органдар (жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың аумақтық бөлімшелері) мен ұйымдарға (ведомстволық бағынысты ұйымдар және оның филиалдары) алаңдық зерттеу жұмыстары жүргізілд.
2025 жылдың 24 ақпан – 20 наурыз аралығында Телекоммуникация, пошта байланысы және жасанды интеллект, инновация, электронды өнеркәсіп және сандық активтер саласында, 2025 жылдың 1 сәуір – 23 мамыр аралығында Мемлекеттік қызметтер көрсету, оларды оңтайландыру, автоматтандыру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бюрократиядан арылту, «Электрондық үкіметті» және 1414 бірыңғай байланыс орталығын жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау салаларында талдау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сандық бюрократия және автоматтандыру тиімділігі, жер қатынастары саласында мемлекеттік органдардың қосарлы және артық бақылау функциялары бойынша мониторинг жүргізілді.
Нәтижесі бойынша бірқатар кейстер әзірленіп, Агенттікке тиісті ұсыныстар жолданды.

Нұрсұлтан СЕЙДАЛИЕВ, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша
Департаментінің басшысы

Другие новости

В городе Қонаев назначен руководитель отдела ЖКХ и жилищной инспекции

В городе Қонаев назначен руководитель отдела ЖКХ и жилищной инспекции

Распоряжением акима города Қонаев Зәкеров Мадияр С...

  20.04.2026   117
Где земля кормит и учит терпению

Где земля кормит и учит терпению

Пресс-тур представителей областных и республиканск...

  20.04.2026   129
Когда надежда обходится дорого

Когда надежда обходится дорого

В Департамент торговли и защиты прав потребителей...

  20.04.2026   210
Искусство возвращать прошлое

Искусство возвращать прошлое

В научном центре «Ғылым ордасы» в рамках республик...

  18.04.2026   314
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.