Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оны алушылардың құқықтарын тиімді қорғау және процестерді барынша ашық әрі қолжетімді ету – қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Осы бағытта қабылданған заңнамалық өзгерістер қызмет көрсетудің жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Бұрын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментімен Кәсіпкерлік Кодекс негізінде профилактикалық бақылау шаралары ғана жүргізілсе, қазір заңнамада жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ұғымдары енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес, тексерулерді рәсімдеу жеңілдетілген түрде жүргізілуде. Мысалға Профилактикалық бақылау жүргізу бойынша бірінші 1 ай бұрын хабарлама жолдап, одан кейін акт шығарып, оны құқықтық статистика органдарына тіркеп, содан кейін оны таныстырса, қазіргі таңда жоспарлы тексерулер үшін тек үш күн бұрын, ал жоспардан тыс тексерулер үшін 1 күн бұрын жолданған хабарлама негізінде ғана тексерулер ашыла береді.
Жоспарлы тексерулер бекітілген тізімге сай жүргізіледі, ал жоспардан тыс тексерулер – бір күн бұрын жіберілген хабарламаның негізінде ашыла береді. Мұндай хабарламалар «Е-қызмет» немесе «DOCUMENTOLOG» жүйелері арқылы жолданады.
Сонымен қатар, айта кететін жайт, жоспардан тыс тексеру тағайындауға бұрын заңнамада көзделмеген келесі негіздер.
1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулардың орындалуын бақылау;
2) байқау нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұзушылықтар;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сұрау салу арқылы зерделенген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат негіз болып қосылған.
Қызмет көрсету барысында әдептілікпен қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына үлкен көңіл бөлу қажет.
Департаментпен қазіргі таңда БАҚ тұрақты талдау жұмыстары жүргізілуде.
Яғни, егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты БАҚ жарияланған ақпараттар бойынша тексеру ашуға тура келеді.
Ал бұзушылықтар анықталып жатса ол бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізіледі.
Қазіргі таңда Департаментпен жүргізілген бақылау шараларының қорытындысы бойынша ұсынымдардың орындалуына қатысты талдау жасалып, егер орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда жоспардан тыс тексерулері жүргізілу уәкілеттілігі берілген.
Бұл, жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарды орындамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары өздерінің құзыретi шегiнде берген ұсынуларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау –лауазымды адамдарға – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Сонымен бірге, байқау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша дәл осындай жұмыстар жүргізіледі.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер тек бақылаушы органдар үшін ғана емес, сонымен қатар тексерілетін субъектілер үшін де тиімді жақтарын қарастырған.
Бұрын, профилактикалық бақылау немесе жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бірден акті толтырылса, өзгерістерге сәйкес тексеруші орган 3 жұмыс күні бұрын анықтаманың жобасын жолдап, оған тексерілетін субъектілер тексеру барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамы тексеру аяқталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы анықтаманың жобасын жасайды және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға жібереді.
Ал, тексерілетін субъектілер тыңдауға қатысуға және тексеру нәтижелері туралы анықтаманың жобасына оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе айтуға құқылы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тексеру нәтижелері туралы анықтамамен расталатын жағдайларда бақылау субъектісінің атына тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы қаралуы міндетті ұсыну енгізіледі.
Енгізілген жаңашылдықтардың бірі ол анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну негізінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған бұзушылықтар бойынша қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шаралар да қабылданады (бұл туралы Заңның 27-2 бабы 9-тармағында айтылған).
Яғни, егер тексеру барысында қызметті алушының құқықтары бұзылған жағдайда олардың қайта жүгінуін сіз қызметті көрсетуге болады.
Қазіргі уақытта бұл талаптарға Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі сәйкестендірілген.
Бұған қоса, Заңда мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде Департаменттің тексеруші лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге міндеттілігі қосылған (27-3 бабы 2-тармағы 3)-тармақшасы).
Қорытындылай келе, бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Басты мақсатымыз – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, азаматтардың сеніміне ие болу.
Сырым Салиханов, Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы