Среда, 17 Июня 2026

Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді.
Жаңа жыл – барша асыға күтетін мереке. Алайда дәл осы кезеңде өрт, тұрмыстық жарақаттар, үйдегі және көшедегі төтенше жағдайлар жиілейді. Мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізу үшін үйдегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін алдын ала есте сақтау қажет.

Мерекелік қауіптің негізгі себептерінің бірі – жаңажылдық шырша. Табиғи шыршаны жылыту құралдарынан алыс қою керек, ал жасанды шыршалар міндетті түрде өртке қарсы сертификатталуы тиіс. Оған тағылатын электрлік гирляндалар сенімді, стандартқа сай болуы қажет.

Пештер мен электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз. Мерекелік дастарқан дайындау кезінде ас үйдегі қауіпсіздікті сақтау қажет, себебі көптеген өрт оқиғалары дәл осы кезде орын алады.

Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Пиротехника, шамдар, әйнек ойыншықтар және электр сымдары балалардың қолы жетпейтін жерде болуы тиіс.

Қыс мезгілінде үсік шалу қаупі жоғары сондықтан, суықта ұзақ жүрмеу, көктайғақта сақ болу, жылы киіну, және көлік жүргізушілері жол жағдайын ескеруі сынды қарапайым қауіпсіздік ережелері ескерілуі тиіс

Үйден ұзаққа шығатын болсаңыз, электр құралдарын ажыратып, терезені жауып, жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін тексеріңіз. Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

Қарапайым ережелерді сақтау арқылы Жаңа жылды жайлы, тыныш және қауіпсіз қарсы алуға болады.

Қонаев қаласы ТЖБ аға инженері  Азаматтық қорғау аға лейтенанты  Құдайбергенов Нұртас Шынтасұлы. 

Другие новости

Начались съемки фильма с участием Джеки Чана

Начались съемки фильма с участием Джеки Чана

Съемки фильма "Доспехи Бога 4" начались на западе...

  15.06.2026   203
ПОКУПАЯ РЕБЕНКУ МОПЕД ИЛИ ЭЛЕКТРОСАМОКАТ, ПОМНИ: ТЫ МОЖЕШЬ РИСКОВАТЬ ЕГО ЖИЗНЬЮ

ПОКУПАЯ РЕБЕНКУ МОПЕД ИЛИ ЭЛЕКТРОСАМОКАТ, ПОМНИ: ТЫ МОЖЕШЬ РИСКОВАТЬ ЕГО ЖИЗНЬЮ

«У всех есть, пусть и у моего будет».Именно с этой...

  15.06.2026   202
Цифровизация легкой промышленности и поддержка товаропроизводителей

Цифровизация легкой промышленности и поддержка товаропроизводителей

Фото из архива редакцииВ Казахстане продолжается ц...

  14.06.2026   252
Развитие производственного потенциала отрасли и запуск новых предприятий

Развитие производственного потенциала отрасли и запуск новых предприятий

Фото из архива редакцииВ Казахстане осуществляется...

  14.06.2026   210
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.