Четверг, 01 Октября 2026

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫ 16194 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫ 16194  ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин, Алматы облысы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округіндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінің Десанттық шабуылдаушы "16194 Әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінде болды. Халық қалаулысы бөлімдердің инфрақұрылымымен жан-жақты танысып, казарма, асхана, санитарлық-гигиеналық нысандарды аралап көрді.

Сапардың басты мақсаты – әскери қызметшілердің күнделікті қызметі мен тұрмыс жағдайын өз көздерімен көру, олардың ұсыныс-тілектері мен көтерген мәселелерін тыңдау болды. Кездесу барысында Максим Рожин сарбаздармен еркін форматта ашық әңгіме өткізіп, олардың әскери қызмет жайлы пікірін, ұсыныстарын және алдағы жоспарларын тыңдады. Жас жауынгерлер де өз кезегінде алғашқы әсерлерімен бөлісіп, туған-туыс пен қоғам алдындағы жауапкершілікті ерекше сезінетіндерін айтты.

Жеке құраммен кездесуде депутат елімізде қорғаныс саласына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамалар мен алдағы реформалар туралы сөз қозғады. Депутат осы проблемаларды шешуге заңнамалық деңгейде қолдау көрсету Парламенттің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Мәжіліс депутаты құқықтық тәртіп әскерлерінің мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ерекше атап өтіп, офицерлер мен сарбаздарға қызметте сәттілік тіледі. Сапар соңында Мәжіліс депутаты әскери қызметшілерге адал қызметі мен жоғары тәртіп деңгейі үшін алғыс білдірді.

Іле аудандық «AMANAT»  партиясы филиалы.

Другие новости

От идеи до собственного бренда

От идеи до собственного бренда

Здорово, когда твое начинание поддерживает семья....

  30.09.2026   108
Өркендеу өзектілігі – әдептен

Өркендеу өзектілігі – әдептен

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кә...

  30.09.2026   87
Әдеп кодексінің маңыздылығы

Әдеп кодексінің маңыздылығы

Тұтас бір қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы...

  30.09.2026   106
Цифровые инструменты освобождают время для основной работы

Цифровые инструменты освобождают время для основной работы

Документооборот остается одной из наиболее заметны...

  30.09.2026   100
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.