Четверг, 01 Октября 2026

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «FRUIT ART» ЖЫЛЫЖАЙЫНА БАРДЫ.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ  «FRUIT ART» ЖЫЛЫЖАЙЫНА БАРДЫ.

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Максим Рожин өңірдегі жаңа өндірістік нысандардың даму үдерісімен танысып, стратегиялық тұрғыдан маңызды жобалардың бірі – Алатау қаласын өркендету жоспарын назарға алды. Кездесуге “AMANAT” партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, Алатау қаласының мәслихат төрайымы Абилова Роза Михаил кизи, Алатау қаласы әкімінің орынбасары Абдибаев Бөріхан Нарымбетұлы мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Сапар аясында халық қалаулысы қала құрылымының Бас жоспарын қарап, төрт негізгі кластерден тұратын «Alatau» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктеріне тоқталды. 
«Алатау – еліміздің дамуына жаңа серпін беретін ауқымды бастамалардың бірі. Бұл жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру маңызды. Мәжіліс әрдайым өңірлік дамуға қолдау көрсетуге дайын», – деді Максим Рожин.
«Исткомтранс» көлік-логистикалық орталығы мен 44 млрд теңге инвестиция тартылған «FRUIT ART» ЖШС-на барып, олардың аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
Заманауи кешен жылына 3,5 мың тонна қызанақ өндіреді. Оның 90 пайызы экспортқа шығарылады, 10 пайызы ішкі нарыққа сатылады. Мұнда 100-ден аса адам жұмыспен қамтылған және жылына 100 миллион теңгеден аса салық төлейді. Болашақта қызанақты сақтайтын қойма салуды жоспарлап отыр. Кездесуде депутаттар мемлекеттен субсидия алатын өндірістің негізгі мақсаты -  ішкі нарықты қамтамасыз ету екендігін айтты. Бұл жылыжай электр энергиясы мен тыңайтқыштар үшін жылына 50 миллион теңгеден аса субсидия алады екен.

Іле аудандық «AMANAT»  партиясы филиалы.

Другие новости

От идеи до собственного бренда

От идеи до собственного бренда

Здорово, когда твое начинание поддерживает семья....

  30.09.2026   108
Өркендеу өзектілігі – әдептен

Өркендеу өзектілігі – әдептен

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кә...

  30.09.2026   87
Әдеп кодексінің маңыздылығы

Әдеп кодексінің маңыздылығы

Тұтас бір қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы...

  30.09.2026   106
Цифровые инструменты освобождают время для основной работы

Цифровые инструменты освобождают время для основной работы

Документооборот остается одной из наиболее заметны...

  30.09.2026   100
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.