Суббота, 01 Августа 2026

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Рожин Максим Николаевич Алатау қаласындағы Ынтымақ ықшам ауданындағы  Қоянқұс елді мекендегі  әкімдіктің  мәжіліс залында фракция  мүшелерімен ашық диалог жүргізді.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, Алатау қаласының  әкімі Аркен Өтенов және Алатау қаласының мәслихат төрайымы Роза Абилова және қалалық  мәслихат депутаттары, мекеме және  бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында  Алатау қаласының әкімі Өтенов Аркен Хамитұлы  атқарып жатқан жұмыстары  жайлы  тоқталып, қаланың  өзекті мәселелеріне  тоқталды.
Қазіргі таңда, Үкіметтің қаулысына сәйкес квазимемлекеттік сектор ұйымдарын құруға және әкімшілік ғимараттардың құрылысын жүргізуге мораторий енгізілген. Сол себепті Алатау қаласының дамуы барысында құрылатын орталық емхана қызметін іске қосуға және коммуналдық меншіктегі нысандарға қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорын және тағы басқа заңды тұлғалардың құрылуына немесе құрылысын жүргізуге едәуір шектеу қойылуда.
Осыған байланысты, Алатау – жаңадан құрылған қала екенін ескере отырып, құрылыс нысандарын жүргізуге және заңды тұлғалардың еш кедергісіз құрылуына жол беру мақсатында қолданыстағы заңнамаға, тиісті өзгерістер енгізілуіне қолдау көрсетуді. Қаланың әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелердің бірі  медицина қызметкерлерінің 25% үстемақының сақталуы, яғни  Алатау қаласында орталықтандырылған аурухана құрылған жағдайда, қала аумағындағы орналасқан медициналық мекемелер қызметкерлерінің үстемақысы автоматты түрде тоқтатылады.
Осы себепті, қаланың алғашқы даму кезеңдерінде аталған үстемақыны сақтап қалу үшін еңбек заңнамасында тиісті өзгерістерді енгізуге ықпал етуді.

Іле аудандық «AMANAT»  партиясы филиалы.

Другие новости

Призвание – вдохновлять

Призвание – вдохновлять

В современную эпоху, когда образование требует пос...

  31.07.2026   156
Два гектара новой жизни

Два гектара новой жизни

Мадина Ускенбаева и Таир Дюсембеков, сменив городс...

  31.07.2026   159
В связи со строительными работами подача горячей воды будет временно приостановлена

В связи со строительными работами подача горячей воды будет временно приостановлена

ГКП на ПХВ «Жылу Орталығы» сообщает, что в августе...

  31.07.2026   124
Іле ауданында биыл 100 шақырымға жуық жаңа су құбыры салынады

Іле ауданында биыл 100 шақырымға жуық жаңа су құбыры салынады

Іле ауданында ауыз су инфрақұрылымын жаңғырту жұмы...

  31.07.2026   105
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.