Пятница, 30 Октября 2026

Жыр алыбы Жамбылдың жеке заттары, «Алтын адам» экспозициясы, көне жәдігерлер және BAYANSULU мен Жігер Ауыпбаевтың концерті: Қонаевта этно-фестиваль өтеді

Жыр алыбы Жамбылдың жеке заттары, «Алтын адам» экспозициясы, көне жәдігерлер және BAYANSULU мен Жігер Ауыпбаевтың концерті: Қонаевта этно-фестиваль өтеді

18 мамыр — Халықаралық музейлер күні. Мерекеге орай бүгін Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақ ашық аспан астындағы этно-музейге айналады. Мұнда «Ұлы дала шеберлері» халықаралық фестивалі өтіп, қонақтарға ғасырлар бойы сақталған ұлттық қолөнер бұйымдарының жасалу процесі таныстырылады: ұсталар темір соғып, зергерлер күміске өрнек түсіріп, шеберлер киіз басу мен ағаш ою өнерін көрсетеді.

Фестиваль аясында Алматы облысы музейлері бірлестігінің қорында сақталған сирек әрі құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады. Келушілер Жамбыл Жабаевтың үй-музейінен жеткізілген әрі жыр алыбының өзі пайдаланған тұрмыстық бұйымдарды, сақ дәуірі мәдениеті мен дүниетанымын айшықтайтын археологиялық жәдігерлерді, б.з.д. V–IV ғасырларға жататын көне қыш ыдыстар коллекциясын,«Алтын адам» экспозициясын, сондай-ақ XX ғасырдағы магнитофондар, кинопроекторлар мен бейнекамералар секілді көне радиотехникаларды тамашалай алады.

Биыл фестиваль қазақтың белгілі этнографы әрі ұста Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдығына арналады. Шараға оның шәкірттері мен ізбасарлары, сондай-ақ шетелдік қолөнершілер қатысады.

Шара аумағында этноауыл құрылып, көрмелері ұйымдастырылады. Ал кешкісін фестиваль этно-концертке ұласып, сахнада Жігер Ауыпбаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Мақсат Рахмет, BAYANSULU және өзге де танымал артистер өнер көрсетеді.

Іс-шара 19:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады.

Другие новости

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру бағытын...

  30.10.2026   79
4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

4300-ден астам бос жұмыс орны: Алматы облысында қандай вакансиялар бар?

Алматы облысында жұмыс берушілер тарапынан 4 300-д...

  30.10.2026   86
Более 4 300 вакансий: какие специалисты востребованы в Алматинской области?

Более 4 300 вакансий: какие специалисты востребованы в Алматинской области?

В Алматинской области работодатели предлагают боле...

  30.10.2026   84
Алматы облысының жас шешендері республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы облысының жас шешендері республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінді

Алматы облысының оқушылары Батыс Қазақстан облысын...

  30.10.2026   150
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.