Суббота, 31 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

30 қазан күні Іле ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты 3 материал қаралды.

Комиссия мүшелері жауапты мекемелердің ақпаратын тыңдап, әрбір жағдайдың мән-жайын жеке талқылады. Сонымен қатар балалар мен отбасыларға қажетті қолдау көрсету және оларды одан әрі сүйемелдеу шаралары қарастырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Асқар Садықов балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әрбір жағдай бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Другие новости

Новая техника для защиты порядка

Новая техника для защиты порядка

Автопарк правоохранительных органов пополнился 50...

  31.10.2026   93
Алматы облысының полицейлеріне су жаңа қызметтік көліктер табысталды

Алматы облысының полицейлеріне су жаңа қызметтік көліктер табысталды

Алматы облысында құқық қорғау қызметкерлерінің мат...

  31.10.2026   92
Полицейским Алматинской области передали новые служебные автомобили

Полицейским Алматинской области передали новые служебные автомобили

В Алматинской области уделяется особое внимание ук...

  31.10.2026   85
За строгостью – забота

За строгостью – забота

Однажды во время посещения торгово-развлекательног...

  30.10.2026   225
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.