Пятница, 30 Октября 2026

Іле ауданында биыл 100 шақырымға жуық жаңа су құбыры салынады

Іле ауданында биыл 100 шақырымға жуық жаңа су құбыры салынады

Іле ауданында ауыз су инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Биыл ауданның бірнеше елді мекенінде 100 шақырымға жуық жаңа су құбыры салынып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ірі жобалар іске асырылуда.

Қазіргі таңда Боралдай, Байсерке елді мекендері мен Жомарт саяжайында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобалар аясында 79,7 шақырым су құбыры тартылып, 8 жаңа артезиандық ұңғыма бұрғылануда.

Сонымен қатар, Көкқайнар ауылында жаңа ауыз су жүйесінің құрылысы басталады. Жоба бойынша 22 шақырым су желісі жүргізіліп, 2 артезиандық ұңғыма қазылады. Бұл ауыл тұрғындарының орталықтандырылған ауыз суға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қараой, Байкент және М.Түймебаев ауылдарында қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылуда. Жұмыстар аясында жаңа ұңғымалар қазылып, су құбырлары ауыстырылып, насос қондырғыларының қуаты арттырылуда.

Қараой ауылында жаңа су ұңғымасын бұрғылау аяқталса, М.Түймебаев ауылында су ұңғымасын қазу және су құбырларын төсеу жұмыстары жалғасуда. Ал Байкент ауылында 2 шақырым су құбырын жаңарту бойынша мердігерді анықтау рәсімдері жүргізілуде.

Бүгінде Іле ауданындағы 22 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Жалпы ұзындығы 745 шақырымды құрайтын су құбыры желілері мен 97 артезиандық ұңғыма тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді.

Жүзеге асырылып жатқан жобалар сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырып, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғыртуға мүмкіндік береді.

«Біздің негізгі міндетіміз – тұрғындарды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Осы мақсатта жаңа су құбырлары салынып, қосымша артезиандық ұңғымалар бұрғылануда. Сонымен қатар, қолданыстағы желілерді жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады», – деді Іле аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шаттық Мамбетов.

Другие новости

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН

Іле ауданында кәсіпкерлік саласы өңір экономикасын...

  29.10.2026   162
Технологии помогают сельскому хозяйству

Технологии помогают сельскому хозяйству

Современное сельское хозяйство все меньше зависит...

  29.10.2026   153
Медицина в цифровом формате

Медицина в цифровом формате

Цифровизация постепенно меняет и систему здравоохр...

  29.10.2026   140
Технологии помогают учиться по-новому

Технологии помогают учиться по-новому

Цифровые технологии все заметнее меняют привычный...

  29.10.2026   152
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.