Понедельник, 14 Сентября 2026

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері мен спорт нысандарының қолжетімділігі инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің неғұрлым күшті қырларының бірі болып қала береді.

Бұл деректер Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижесінде алынды. Зерттеу аясында тұрғындар өз өңіріндегі инфрақұрылым мен қызметтердің 17 негізгі элементін бағалады.

Жалпы алғанда, халықтың инфрақұрылымға қанағаттану деңгейі жоғары болып отыр: 2026 жылдың III тоқсанында инфрақұрылымның түрлі элементтеріне қанағаттанғандардың үлесі 57,8%-дан 78,2%-ға дейінгі аралықты құрады.

Неғұрлым жоғары бағалар дәстүрлі түрде отбасылардың күнделікті өмірі мен адами капиталды дамытуда тікелей маңызы бар нысандарға қатысты берілді. Ең алдымен, бұл мектептердің қолжетімділігі - 78,2%, балабақшалар - 73,3%, спорт кешендері мен нысандары - 71,6%, сондай-ақ мәдениет мекемелері - 71,1% көрсетті.

Халықтың бағалауы бойынша мектептер әлеуметтік инфрақұрылымның ең қолжетімді нысаны болып қала береді. 2026 жылдың III тоқсанында респонденттердің 78,2%-ы өз қаласындағы, кентіндегі немесе ауылындағы мектептердің қолжетімділігіне қанағаттанатынын білдірді. Яғни әрбір 10 тұрғынның шамамен 8-і оң баға берген.

Балабақшалардың қолжетімділігі де оң бағаланды - 73,3%. Бұл көрсеткіштің жыл бойы тұрақты сақталуы да оң үрдісті аңғартады.

Мәдениет мекемелері мен спорт инфрақұрылымы халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды ресурстары болып отыр. Мәдениет мекемелерінің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 71,1%-ды, ал спорт кешендері мен нысандары бойынша 71,6%-ды құрады.

Халық абаттандырудың басқа да элементтерін де салыстырмалы түрде жоғары бағалайды. Сауалнамаға қатысқандардың 67,8%-ы серуендеу және демалыс орындарының болуына, 67,3%-ы көгалдандыруға, 63,8%-ы көшелер мен аулалардың тазалығы мен жиналу сапасына көңілі толатынын білдірген. Балаларды дамыту мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі 66,2%-ды, ауыз су сапасына - 64,4%-ды, мемлекеттік органдар ақпаратының қолжетімділігіне - 64,6%-ды құрады.

Жолдардың сапасын бағалаудағы оң динамиканы атап өту қажет. Бұл көрсеткіш әлі де болса одан әрі назар аударуды қажет ететін бағыттардың қатарында болғанымен, бір жыл ішінде оған қанағаттану деңгейі I тоқсандағы 50%-дан III тоқсанда 57,8%-ға дейін өскен. Осылайша, қарастырылып отырған инфрақұрылым элементтерінің ішінде жолдардың сапасы бойынша қанағаттану деңгейінің ең елеулі өсімдерінің бірі тіркелді.

Осылайша, III тоқсанның нәтижелері әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымның өңірлік ортаның басым жақтарының бірі болып қала беретінін көрсетеді. Ең жоғары бағалар білім беруге, балалардың дамуына, сондай-ақ халықтың мәдени және спорттық белсенділігіне тікелей байланысты нысандарға берілген. Сонымен қатар зерттеу одан әрі дамытуға басымдық беруді қажет ететін нақты бағыттарды, ең алдымен цифрлық және көлік инфрақұрылымын белгілеуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, алынған нәтижелер халықтың базалық инфрақұрылымға қанағаттану деңгейінің жоғары болып сақталғанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл нәтижелер өңірлердің қазіргі жағдайын бағалауға ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындауға негіз болады.

«Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша тоқсан сайынғы сауалнама» 2026 жылдың III тоқсанында Қазақстандық қоғамдық даму институты тарапынан жеке сұхбат әдісімен жүргізілді. Зерттеудің іріктеме жиынтығы – 18 жастан асқан 2 400 респондент. Зерттеу жүргізілген аумаққа республикалық маңызы бар қалалар – Астана, Алматы және Шымкент, 17 облыс орталығы, сондай-ақ ауылдық елді мекендер қамтылды. Сауалнама 2026 жылғы 1-16 тамыз аралығында жүргізілді.

kipd.kz

Другие новости

Казахстанцы высоко оценивают доступность социальной инфраструктуры

Казахстанцы высоко оценивают доступность социальной инфраструктуры

Доступность школ, детских садов, учреждений культу...

  14.09.2026   75
Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінд...

  14.09.2026   73
Авторы из США, Китая, Кореи и Японии поборются за $2 млн на AI-кинофестивале в Астане

Авторы из США, Китая, Кореи и Японии поборются за $2 млн на AI-кинофестивале в Астане

Призовой фонд Astana AI Film Festival составляет $...

  14.09.2026   84
Более 8 тысяч работ из 125 стран: Astana AI Film Festival стал крупнейшей площадкой AI-кино

Более 8 тысяч работ из 125 стран: Astana AI Film Festival стал крупнейшей площадкой AI-кино

Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) стал крупнейш...

  14.09.2026   82
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.