Среда, 25 Февраля 2026

Замандастар жырлайды

Замандастар жырлайды
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Замандастар жырлайды" және "Даналық бейсенбі" жобалары аясында оқушыларды қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстыру, сөз өнеріне баулу, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастыруымен белгілі қаламгерлер, ҚР Жазушылар Одағының мүшелері, ақын, "Балдырған" журналының бас редакторы Ерғали Бақаш және жазушы, журналист Мақсат Мәлікпен кездесу өткізілді. Кездесу шымылдығын Зияткерлік мектебінің «Нұр -сазы» халық аспаптар оркестрінің добырашылары "Ерке сылқым" күйімен ашты.
Оқушылар кездесу қонақтарының шығармашылығына арналған таныстыру бейнебаян жасап, өлеңдерін оқыды, әңгімелері бойынша пікірлерімен бөлісті. Алдын ала қаламгерлердің шығармаларын оқыған оқушылар өз ойларын ашық айтып, көзқарастарын жеткізе білді:
– Бүгін біз оқушылармен кездестік, әңгіме құрдық, өте керемет. Оқушылардың ой-өрістері кең екенін аңғардық, ойлау ерекшелігі де мұлдем басқа, еркін жеткізеді. Химия-биология бағытындағы мектепте оқып бір салалы болып қалмай, ғылым мен әдебиетті қоса алып жүргендері, қазақ әдебиетінен хабарлары бар екендігі қуанарлық жағдай,- деп бөлісті Мақсат Мәлік.
Кездесу қонақтары оқушыларға мағыналы да мәнді әңгіме айта отырып, оқушыларға шығармашылықпен айналысуға, көрген-түйгенін жазуға ынталандырды. Кездесу соңында қаламгерлер мектеп кітапханасына, оқушыларға "Балдырған", "Ұлан", "Ақ желкен" басылымдарын және өз туындылар жинағын тарту етті.
– Бүгінгі кездесуге қатысқан оқушылардың, жас талапкерлердің өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениеті, білім деңгейлері жоғары екен деген баға беруімізге болады. Қазіргі заманда балалардың ойын жеткізу деген үлкен проблема,- деп Ерғали Бақаш зияткерлерді «Балдырған» журналының авторлар қатарына шақырды.
– Зияткерлік мектепте қазақтың көрнекті өкілдері – қазіргі заманның ақын-жазушылармен өткен кездесу оқушыларға ой түйдіріп, қазақ әдебиетіне қызығушылықты тудырады. Бүгінгі кездесу рухани әлемге саяхат болып, зияткерлердің жан-дүниесін байытуға үлкен септігін тигізді деп ойлаймын,- деді үйымдастырушы, педагог-куратор Жанаргүл Исламқызы.
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те көшбасшылар форумы өтті.
Мектеп шаңырақтарының және өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары бір алаңға жиналып алдағы мектеп дамыт.
 
 

Другие новости

Цифровые горизонты  и духовные истоки Актама

Цифровые горизонты и духовные истоки Актама

В современном мире успех образования определяется...

  20.02.2026   334
Дальновидный стратег обучения

Дальновидный стратег обучения

Село Каргалы Жамбылского района всегда отличалось...

  20.02.2026   312
От практики к открытию собственного бренда

От практики к открытию собственного бренда

В быстро развивающейся Алматинской области,  ...

  20.02.2026   316
Территория  педагогических методик

Территория педагогических методик

В новом педагогическом хабе - HUB Shamshyraq, кото...

  20.02.2026   197
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.