Понедельник, 09 Февраля 2026

NIS командасы ғарышты игеруге арналған халықаралық конференцияның басты жаңалығына айналды

NIS командасы ғарышты игеруге арналған халықаралық конференцияның басты жаңалығына айналды

Биыл Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары NASA ұйымдастырған беделді Space Settlement Contest байқауында жеңіске жетіп қана қоймай, Қазақстан атынан жыл сайын өтетін ғарыш саласындағы басты халықаралық платформа – ISDC-2025 конференциясына шақырту алды. Бұл конференция АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында өтті.
Конференцияда команда өз жобаларын ISDC-2025 халықаралық қазылар алқасының алдында қорғады. Қазылар құрамына NASA инженерлері, астрофизиктер, зерттеушілер мен түрлі елден келген кәсіпкерлер кірді. NIS финалистері тек мазмұнды презентациясымен ғана емес, сонымен қатар ғылыми ойдың ауқымдылығы және терең философиясымен де үлкен әсер қалдырды.
Жоба авторлары өз станцияларын YURT деп атады. Бұл атау қазақтың киелі киіз үй құрметіне берілген. Оқушылардың айтуынша, киіз үй – олардың үйі әрі символы.
– Қазақстан ғарыш қауымдастығының бір бөлігі және бұл бағытта дамуын жалғастырып келеді. Бәлкім, біздің станциямыз жүз жылдан кейін жүзеге асар, ал, мүмкін, одан да ертерек. Ең маңыздысы – біз бұл туралы ойлана бастадық және өз идеяларымызды әлеммен бөлісіп жатырмыз, – деді NIS оқушылары.
Оқушылардың баяндамасынан кейін International Space Elevator Consortium ұйымының бас сәулетшісі, доктор Питер А. Суон олардың жұмысына тәнті болып, эмоцияға толы пікір білдірді. Ол оқушылардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен күрделі техникалық тақырыптарға деген ынтасы ерекше әсер қалдырғанын атап өтті.
– Мен тек талантты жас инженерлерді тыңдаған жоқпын, мен болашақтың үнін естідім. Бұл жай ғана сызбалар туралы әңгіме емес – бұл арман туралы хикая. Бір күні бұл станция ғарышта бой көтеріп, шынайы сенім мен мәдени қадір-қасиеттен туындаған ойлардың ақиқатқа айналатынының дәлелі болады деп сенемін., – деді доктор Суон.
YURT жобасы Жердегідей тартылыс күші бар, 30 000 адамға ұзақ уақыт өмір сүруге мүмкіндік беретін автономды орбиталық станция ретінде әзірленген. Жоба құрамына өмірді қамтамасыз ету жүйелері, жабық экожүйелер, Жер мен басқа планеталар арасындағы логистикалық байланыс, сондай-ақ тұрақты энергетикалық және ресурстық инфрақұрылым кіреді.
Алайда бұл жобадағы нағыз серпіліс тек технологиялық шешімдерде ғана емес, сонымен қатар жоғары ғылыми ұмтылыстар мен ұлттық бірегейлікті ұштастырған гуманитарлық тұжырымдамада болды.
Қазіргі уақытта NIS оқушылары Алматыға оралды. Шәкірттерді халықаралық әуежайда жақындары мен мектеп қауымдастығының өкілдері қошеметпен қарсы алды. Олар тек марапаттар ғана емес, маңызды ойды ала келді: біліммен, мәдениетпен және болашаққа деген сеніммен қуатталған арман – әлемді өзгертуге қабілетті күш.
Айта кетейік, сәуір айында команда NASA мен National Space Society ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында бірінші және екінші орындарды иеленген болатын.

Другие новости

Шанс получить гранты и скидки

Шанс получить гранты и скидки

Единственное высшее учебное заведение Алматинской...

  05.02.2026   221
Литературный вечер в NIS был посвящен 90-летию народного писателя Казахстана Кабдеша Жумадилова

Литературный вечер в NIS был посвящен 90-летию народного писателя Казахстана Кабдеша Жумадилова

В NIS Алматы–Наурызбай прошло  литературно-по...

  04.02.2026   281
Тағылымы мол кездесу

Тағылымы мол кездесу

Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде қ...

  04.02.2026   239
БУДУЩЕЕ ДИПЛОМАТИИ НАЧИНАЕТСЯ В ШКОЛЕ: MUNIX 2026 В NIS АЛМАТЫ–НАУРЫЗБАЙ

БУДУЩЕЕ ДИПЛОМАТИИ НАЧИНАЕТСЯ В ШКОЛЕ: MUNIX 2026 В NIS АЛМАТЫ–НАУРЫЗБАЙ

В Назарбаев Интеллектуальной школе Алматы–Наурызба...

  29.01.2026   471
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.