Пятница, 20 Марта 2026

Алматы облысында 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің» құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Алматы облысында 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің» құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Алматы облысында 2026 жылы наурыз айының соңына дейін 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің»  құрылыс жұмысы аяқталады деп жоспарланған. Оның ішінде 5 мектеп үш ауысымды оқытуды жою үшін, (Алатау қаласы Қоянқұс ауылы, Іле ауданы Тілендиев ауылы, Қарасай ауданы Бұлақты ауылы, Талғар ауданы Тұздыбастау, Жалқамыс ауылдарындағы мектептер) және 4 мектеп (Еңбекшіқазақ ауданы Сатай, Ащысай ауылдары, Талғар ауданы Қызылту, Көктал ауылдарындағы мектептер) оқушы орнының жетіспеу мәселесін шешу үшін салынуда.

Осылайша, үш ауысымда оқитын мектептер саны 28-ден 23-ке дейін қысқарады.  

Облыстағы 13 мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 10,9 млрд теңге бөлінді.

Оған Еңбекшіқазақ ауданындағы 3 (Масақ, Нұрлы, Ы.Алтынсарин атындағы мектептер), Жамбыл ауданындағы 1 (Т.Рысқұлов атындағы мектеп), Қарасай ауданындағы 2 (М.Әуезов атындағы орта мектеп, И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты), Кеген ауданындағы 1 (Қарқара мектебі), Талғар ауданындағы 4 (№10, №12, №24, №2 орта мектептері), Ұйғыр ауданындағы 1 (№1 мектеп спортзалы) және Қонаев қаласындағы 1 мектеп (А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп) кіреді.

Қазіргі уақытта 2 мектеп қолданысқа берілді (Еңбекшіқазақ ауданы Масақ орта мектебі, Талғар ауданы Белбұлақ ауылындағы №10 мектеп). Қалған 11 мектептегі күрделі жөндеу жұмысы 2026 жылдың маусым-шілде айларында аяқталады.

Другие новости

В Алматинской области строят 9 школ на 7200 мест

В Алматинской области строят 9 школ на 7200 мест

В Алматинской области завершается строительство 9...

  20.03.2026   91
Алматы облысында 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің» құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Алматы облысында 7200 орынды 9 «Келешек мектебінің» құрылыс жұмысы аяқталуға жақын

Алматы облысында 2026 жылы наурыз айының соңына де...

  20.03.2026   90
Сохраняя  ценность слова

Сохраняя ценность слова

В век быстрых сообщений и коротких видео непререка...

  18.03.2026   181
Сила родного слова

Сила родного слова

В педагогической среде немало молодых специалистов...

  17.03.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.