Среда, 04 Марта 2026

Алматы облысында инвестиция көлемі 88 млрд теңгеден асатын үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады

Алматы облысында инвестиция көлемі 88 млрд теңгеден асатын үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады

ҚР Президентінің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-мен Қонаев қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестицияның жалпы көлемі 88,8 млрд теңгеден асатын кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 100 мың тонна өнім.

2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды салу және пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ы қазақстандықтар үлесіне тиесілі. Сонымен қатар компания кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, қосылған құны жоғары өнімдер желісін кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

@KZgovernment

Другие новости

Ставка на породу

Ставка на породу

В аграрном секторе Уйгурского района есть хозяйств...

  25.02.2026   297
Ягнят по весне считают

Ягнят по весне считают

 Окотная кампания -  ответственная весен...

  23.02.2026   409
Когда вдохновение помогает бизнесу

Когда вдохновение помогает бизнесу

Предприимчивый житель села Актам Пархат Дуганов -...

  20.02.2026   640
Сила земли и характера

Сила земли и характера

Когда мы говорим об экономике страны, то невольно...

  20.02.2026   464
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.