Среда, 16 Сентября 2026

Коалиция өкілдері "Алатау жарық компания" электр торабының ұжымымен кездесті

Коалиция өкілдері

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұзынағаш ауылындағы "Алатау жарық компаниясы" 'электр торабынының еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның басты жаңалықтарына тоқталды. Оның ішінде адам құқықтарының басымдығы, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік және дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бар.

«Жаңа Конституция – әділетті мемлекеттің іргетасы. Мұнда әр азаматтың өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде бекітілген. Білім мен медицина тегін, еңбек қорғалады, цифрлық деректеріңіз қауіпсіз болады», – деді коалиция мүшесі Сания Бижуменова.

Ұжым өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Кездесу соңында жиналғандар референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Другие новости

Аграрный сектор прибавляет объем

Аграрный сектор прибавляет объем

Сельское хозяйство остается одной из базовых отрас...

  16.09.2026   10
Жилье тянет за собой экономику

Жилье тянет за собой экономику

Строительная отрасль Алматинской области продолжае...

  16.09.2026   8
Деньги должны работать на месте

Деньги должны работать на месте

За январь–июль 2026 года в основной капитал Алмати...

  16.09.2026   12
От сырья к готовой продукции

От сырья к готовой продукции

В январе–июле промышленность Алматинской области п...

  16.09.2026   22
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.