Понедельник, 21 Сентября 2026

Қапшағай су қоймасы балық шабақтарымен толықтырылды

Қапшағай су қоймасының жағасында «Өзенді балыққа толтыру» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараға Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Ринат Кумашев, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және табиғатты қорғау саласының өкілдері, ғылыми ұйым мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында қоршаған ортаны қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау және балық ресурстарына жауапкершілікпен қарау мәселелері айтылды. Инспекция басшысының баяндамасында атап өтілгендей, өткен 2025 жылы Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарына 4,6 млн дана құнды балық шабақтары жіберілген. Ал биылғы жылы ғылыми орталықпен бірлескен жұмыстардың арқасында бұл көлем 1,5 есеге артып, су айдындарына 6 миллионнан астам құнды балық шабақтарын жіберу жоспарланып отыр. Оның 2,1 миллионы мемлекеттік тапсырыс аясында, ал 4 миллионы балық шаруашылығы субъектілері есебінен орындалады.

Жиында өңіріміздегі аквашаруашылықтың әлеуеті жоғары екені де сөз болды. Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны төрт есеге көбейіп, 40-қа жуықтады, ал өткен жылдың өзінде шамамен 6 мың тонна тауарлы балық өсірілген. Сонымен қатар, салаға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2026 жылы асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту үшін 315 млн теңге субсидия және шығындарды өтеуге 210 млн теңге қарастырылған.

Акцияға жиналған халық пен жауапты басшылар су қоймасына қаракөз, тұқы сияқты құнды балық шабақтарын бірлесе жіберіп, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты. Өзен-көлдеріміздегі балық қоры жылдан жылға арта бергей!

Другие новости

Качество - в каждой детали

Качество - в каждой детали

В Бельбулакском сельском округе Талгарского района...

  21.09.2026   277
Қапшағай су қоймасы балық шабақтарымен толықтырылды

Қапшағай су қоймасы балық шабақтарымен толықтырылды

Қапшағай су қоймасының жағасында «Өзенді балыққа т...

  21.09.2026   69
Түркі әлемі композиторларының I Құрылтайы Бакуде өтуде

Түркі әлемі композиторларының I Құрылтайы Бакуде өтуде

Түркі әлемі композиторларының I Құрылтайы 18–20 қы...

  19.09.2026   270
Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі: Астанада арнайы көрме өтті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі: Астанада арнайы көрме өтті

Астанада қазақы тазылардың тұқымдық сапасын бағала...

  19.09.2026   265
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.