Четверг, 05 Марта 2026

Біздің күшіміз – бірлікте, тірлігіміз – ынтымақта

Біздің күшіміз – бірлікте, тірлігіміз – ынтымақта

Сіздерді 25 Қазан — Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — ұлт тарихындағы маңызды белес, Тәуелсіз еліміздің іргетасы қаланып, егемендік туралы алғаш рет 1990 жылы Жоғарғы Кеңесте Декларация қабылданған күн. Бұл тарихи құжат — мемлекетіміздің тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамы, демократиялық құндылықтарға бет бұрған сәті болатын. Сондықтан да Республика күні — еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы алғашқы заңды негізінің белгісі ретінде әр қазақтың жүрегінде ерекше орын алады.

Бүгінгі Қазақстан — татулығы жарасқан, дамуға бағыт алған, болашағына сеніммен қарайтын мемлекет. Тәуелсіздігімізді баянды ету — әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

Біздің күшіміз – бірлікте, тірлігіміз – ынтымақта. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – еліміздің тірегі, оның болашағын қалыптастырушы тұлға. Сол себепті ел тағдырына бейжай қарамай, жарқын болашақ жолында аянбай еңбек ету – ұлт алдындағы парыз.

Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, бақ-береке және елге деген шынайы сүйіспеншілік тілеймін.  
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы асқақ желбірей берсін!  
Әр шаңырақта бейбітшілік пен молшылық орнасын!

Серік ДУМЧИБАЕВ, "AMANAT" партиясы Талғар аудандық  филиалының төрағасы

Другие новости

В гармонии мира и добра

В гармонии мира и добра

В Доме культуры села Шонжы прошло торжественное пр...

  04.03.2026   174
«Нам помогли выжить наши казахские братья и сестры»

«Нам помогли выжить наши казахские братья и сестры»

В моем родном Фабричном уже многие десятилетия про...

  02.03.2026   181
Спасибо тебе, мой Казахстан

Спасибо тебе, мой Казахстан

В День благодарности в память о том, что эта стран...

  01.03.2026   288
Здесь Родины моей начало

Здесь Родины моей начало

Больше ста тысяч корейских семей в конце 30-х годо...

  28.02.2026   267
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.