Среда, 12 Августа 2026

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Жыл сайын 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізінің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл теңіз ортасын бірлесіп қорғаудың негізін қалаған Тегеран конвенциясының күшіне енуімен байланысты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Каспий өңіріндегі басқа мемлекеттермен бірлесе өзгерістерге бейімделу және Каспийдің табиғи байлығын сақтау жөніндегі күш-жігерді біріктіруге бағытталған Мемлекетаралық бағдарламамен жұмысты жалғастыруда.

Каспийді сақтау жұмыстары бірнеше бағытты қамтиды: Каспий маңы елдерінің өзара іс-қимылы, жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, экологиялық бастамаларды іске асыру және қоғамды тарту. Мұндай кешенді тәсіл Каспий маңы елдерінің әлеуетін біріктіріп, Каспий теңізінің бірегей экожүйесін келер ұрпақ үшін сақтауға бағытталған шешімдерді кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Каспий теңізінің жай-күйі Каспий маңы мемлекеттерінің тұрақты назарында. Акватория мен жағалау аймағындағы өзгерістер ғылыми негізде жүйелі түрде зерттеліп, өңір елдері теңіздің бірегей экожүйесін бейімдеу және сақтау жөніндегі келісілген шараларды әзірлеу үшін күш біріктіруде.

Бірлескен жұмыстың практикалық тетіктерінің бірі – қазіргі уақытта талқылау сатысында тұрған Каспий маңы мемлекеттерінің іс-қимыл жоспары. Құжатта өзгерістерге бейімделу және Каспий теңізінің экожүйесін сақтау жөніндегі кешенді шаралар қарастырылған. Бұл формат өңір елдерінің күш-жігерін біріктіруге, ғылыми деректерді алмасуды дамытуға және Каспийді зерттеу мен сақтаудың келісілген тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан теңіздің ұлттық секторындағы үдерістерді кешенді зерттеуге арналған өзінің ғылыми базасын қалыптастыруда. Осы мақсатта былтыр қыркүйекте Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты жұмысын бастады. Президенттің Каспийді кешенді зерттеу және сақтау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервтен теңіз мониторингіне арналған жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыруға 1,1 млрд теңге бөлді. Жаңа материалдық база теңіз акваториясында тікелей кешенді зерттеулер жүргізуге және ортаның гидрометеорологиялық әрі биологиялық параметрлерін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Өткен жылы институт акваторияда 21 стансаны қамтитын 2 теңіз экспедициясын өткізуді және 22 жағалау нүктесінде тұрақты жерүсті мониторингін көздейтін ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын әзірледі.

Осы бағдарламаның негізінде ағымдағы жылы акваторияда 50 параметр бойынша (метеорологиялық, гидрологиялық, гидрохимиялық, биологиялық көрсеткіштер мен түбіндегі шөгінділердің жай – күйін бағалауды қоса алғанда), ал жағалау аймағында аспаптық және көрнекі бақылаудың 26 параметрі бойынша бақылаулар жүргізіледі.

Другие новости

День Каспийского моря: Казахстан усиливает меры по сохранению уникальной экосистемы

День Каспийского моря: Казахстан усиливает меры по сохранению уникальной экосистемы

Ежегодно 12 августа прикаспийские государства отме...

  12.08.2026   57
Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Каспий теңізі күні: Қазақстан бірегей экожүйені сақтау шараларын күшейтуде

Жыл сайын 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттері Касп...

  12.08.2026   56
12 тамыз – Каспий теңізі күні

12 тамыз – Каспий теңізі күні

Бүгін Каспий теңізі күні атап өтілуде. Осыдан 20 ж...

  12.08.2026   82
12 августа – день Каспийского моря

12 августа – день Каспийского моря

Сегодня празднуется день Каспийского моря. В этот...

  12.08.2026   75
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.