Суббота, 17 Октября 2026

Алматы облысында орман өрттерінің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Алматы облысында  орман өрттерінің алдын алу жұмыстары күшейтілді

Облыста орман өрттерінің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Бүгінде облыс аумағында мемлекеттік орман қорының жерлері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 3,2 млн гектар. Оның ішінде 1,6 млн гектары орман алқаптары.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзып, құрғақ шөптің жануына жол бергені үшін 20 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1 млн 246 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Өрт қаупі жоғары кезеңде рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен барлық аудандарда 62 адамнан тұратын 13 мобильді топ құрылды. Олардың қатысуымен 52 бірлескен рейд өткізілді»,-дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Адилханов Ержан Ерболұлы.
Орман өрттеріне қарсы күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында 2026 жылғы 29 мамырда «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Іс-шара барысында орман өрттерін сөндіру кезіндегі күштер мен қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталып, төтенше жағдайларға ден қою деңгейі тексерілді.
Мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, табиғат аясында от жақпауға және құрғақ шөпті өртеуге жол бермеуге шақырады.

Другие новости

Новый диспетчерский пункт «Казселезащиты»

Новый диспетчерский пункт «Казселезащиты»

В селе Каргалы Жамбылского района Алматинской обла...

  13.10.2026   450
Простые правила безопасности

Простые правила безопасности

В Балхашском районе продолжаются профилактические...

  07.10.2026   1059
Отопительный сезон не за горами

Отопительный сезон не за горами

На площадке Региональной службы коммуникаций Алмат...

  10.09.2026   4453
Начеку до первого снега

Начеку до первого снега

С начала пожароопасного сезона в регионе зафиксиро...

  02.09.2026   5680
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.