Понедельник, 06 Апреля 2026

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді.

Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады.

Осыны ескере отырып, заңда жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді. Меншік иелері мен пайдаланушыларға жасанды интеллект жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, қолдау көрсету міндеттері жүктелген.

Сонымен қатар заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және түсініктілік, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, деректерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидаттары бекітілді.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бірқатар мүмкіндіктерге ие жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынды (түпсаналық, манипуляциялық немесе жеке деректер туралы заңнаманы бұзу арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу әдістерін қолдану; басқа да мүмкіндіктер).

Жасанды интеллектіні қолдану нәтижесінде жасалғанынан хабардар болу үшін мұндай тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді таңбалау талабы енгізілді.

Жасанды интеллект жүйелерін жасауға және үдемелі дамытуға арналған платформалар құрудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, ұлттық жасанды интеллект платформасының қызметіне қатысты заңнамалық негіздер қалыптастырылды.

Платформа шектеулі мерзім ішінде бағдарламалық өнімдерді, жасанды интеллект моделдерін әзірлеуге, оқытуға және сынақтан өткізуге пайдаланылады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева

Уважаемые соотечественники!В рамках «Тазару күні»...

  23.03.2026   1196
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамыме...

  21.03.2026   1387
Глава государства поздравил казахстанцев с праздником Наурыз

Глава государства поздравил казахстанцев с праздником Наурыз

«Поздравляю всех с великим праздником Наурыз мейра...

  21.03.2026   1387
Президент посетил мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи

Президент посетил мавзолей Ходжи Ахмеда Яссауи

Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл с раб...

  21.03.2026   1306
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.