Понедельник, 21 Сентября 2026

️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

«Біз беталысы беймәлім аумалы-төкпелі кезеңде жүздесіп отырмыз.

Мұның зардабы өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның тұрмыс сапасына қаншалықты ауыр тиіп жатқанын егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ.

Соның салдарынан даму жолындағы күш-жігер, күрмеуі қиын экологиялық проблемаларға жұмсалуға тиіс ресурстар зая кетіп жатыр.

Бұл ретте халықаралық қоғамдастық ерекше рөл атқарады.

Сексен жыл бұрын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы әлі күнге баламасы жоқ, әмбебап диалог алаңы екені сөзсіз.

Алайда одан бері әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жасанды интеллект бүкіл адамзат санасын жаулап, күнделікті өмірге дендеп енді.

Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол – қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес.

Керісінше, БҰҰ Жарғысын біртұтас, жан-жақты құжат ретінде қабылдау керек. Оның ережелері дәл сол қалпында танылып, мүлтіксіз сақталуға тиіс. Сол себепті БҰҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар ауқымы мен сипаты жағынан бұрын-соңды болмаған әрі болжауы қиын өзгерістер дәуіріне қадам басқан қазіргі әлемнің ақиқатын қаперге алғаны жөн.

Біз БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет.

Сонымен қатар көпжақты институттарға деген сенімге селкеу түспеуі керек. Дегенмен маңызды халықаралық мәселелерді шешуге олардың абырой-беделі жетпей жатқаны өкінішті».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы кешенді түрде...

  19.09.2026   211
Касым-Жомарт Токаев принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

Касым-Жомарт Токаев принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

В рамках республиканской экологической акции «Таза...

  19.09.2026   228
Казахстан и Южная Корея подписали соглашения по развитию городской воздушной мобильности (UAM) и беспилотной авиации

Казахстан и Южная Корея подписали соглашения по развитию городской воздушной мобильности (UAM) и беспилотной авиации

В рамках государственного визита Президента Респуб...

  16.09.2026   243
Спикер Чо Чжон Шик Қазақстан Президентіне ықылас танытып, Ұлттық Ассамблеяға арнайы келгені үшін алғыс айтты

Спикер Чо Чжон Шик Қазақстан Президентіне ықылас танытып, Ұлттық Ассамблеяға арнайы келгені үшін алғыс айтты

– Ең алдымен, Сізді конституциялық реформа және па...

  16.09.2026   271
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.