Вторник, 20 Октября 2026

Мемлекет басшысы инвесторларға барынша жайлы жағдай жасауды және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуді аса маңызды міндет ретінде атады

Мемлекет басшысы инвесторларға барынша жайлы жағдай жасауды және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуді аса маңызды міндет ретінде атады

«Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру керек.
 
Қазір алдымызда тұрған жұмыс – аса маңызды: инвесторларға барынша жайлы жағдай жасалуға тиіс және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсетілуі қажет. Ең алдымен халықаралық талаптардың қатаң сақталуына баса мән берген жөн. Әсіресе, ұлттық заңнама жүйесінде қамтылмаған мәселелер бойынша әлемдік озық тәжірибені кеңінен қолданған абзал.
 
Нағыз озық әрі жедел даму жолына түсеміз десек, бұл жұмысты міндетті түрде қолға алуымыз керек. Тиісті лауазымды тұлғалар ешкімнен қорықпай, батыл шешімдер қабылдауы керек. Бұл өтініш я кеңес емес, бұл – нақты тапсырма.
 
Арнайы құқықтық мәртебесі бар қалалар жаһандық капиталды тарту үшін дәл осылай батыл әрі белсенді жұмыс істеп, алдыңғы қатарға шығады.
 
Шетел инвестициясын қорғау, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету, шарттардың ашықтығын және мемлекет ұсынатын кепілдіктердің бұлжымастығын қамтамасыз ету – негізгі мәселе, кезек күттірмейтін міндет.
 
Бұл саладағы жұмыстың бәрі нәтижелі болсын десек, инвесторларды көптеп тарту керек болады, ал ол үшін қолайлы орта жасауымыз керек және тиімді экожүйені құруымыз қажет.
 
Бұл, әрине, өте ауқымды шаруа. Сондықтан алдымен өзекті, яғни басымдыққа ие бағыттарға айрықша мән беру керек: IT, өнеркәсіп, көлік және логистика, туризм, медицина, білім беру салаларын дамыту өте маңызды».
 

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Касым-Жомарт Токаев предложил масштабировать инициативу «Ауыл құтқарушылары» во всех регионах

Касым-Жомарт Токаев предложил масштабировать инициативу «Ауыл құтқарушылары» во всех регионах

Президент отметил, что особое внимание уделяется о...

  19.10.2026   172
Глава государства: «Взаимовыручка и поддержка тех, кто оказался в беде, – это традиция, составляющая саму суть нашей нации»

Глава государства: «Взаимовыручка и поддержка тех, кто оказался в беде, – это традиция, составляющая саму суть нашей нации»

Касым-Жомарт Токаев напомнил, что государство прих...

  19.10.2026   172
Президент сообщил, что сейчас страна вступила на путь кардинальной модернизации

Президент сообщил, что сейчас страна вступила на путь кардинальной модернизации

По его словам, масштабные реформы осуществляются в...

  19.10.2026   177
Президент Касым-Жомарт Токаев вручил государственные награды спасателям

Президент Касым-Жомарт Токаев вручил государственные награды спасателям

Глава государства поздравил участников торжественн...

  19.10.2026   173
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.