Понедельник, 20 Июля 2026

Президент: «Алматы агломерациясын дамыту қажет»

Президент: «Алматы агломерациясын дамыту қажет»

«Алатау қаласының Алматыға іргелес орналасуы зор мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз. Әсіресе, сауда-экономика және көлік-логистика саласындағы байланыстарды едәуір кеңейтуге болады. Мұны аймақтағы билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуге тиіс деп санаймын.
 
Сондықтан тағы да атап өткім келеді: Алатау қаласында, ең алдымен, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау керек. Жаңа кәсіпорындар ашылса, мұнда жұрт та көбірек келіп, тұрақтай бастайды. Бұл үрдіс Алматыға жұмыс бабымен күнделікті келіп-кететін халықтың санын азайтады.
 
Күн сайын Алматыға облыстан 400 мыңға жуық автокөлік кіріп шығады. Алматы агломерациясындағы көлік қатынасын күшейту қажет. Соның ішінде жылдамдығы жоғары қоғамдық көлік жүйесін белсенді дамыту керек.
 
Осыған орай, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биыл бірінші тамызға дейін «Skytrain» желісін салу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл желі қаланың шекарасынан шығысқа және батысқа қарай тартылуға тиіс.
 
Сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларын жалғайтын жүрдек қоғамдық көлік жүйесін дамыту мәселесін пысықтау қажет.
 
Жаңа шаһардың Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының бойында орналасуы және Алатау қаласын Қорғаспен қосатын темір жол тармағының жоспарлануы келешекте Алматы агломерациясының ауқымын кеңейте түседі. Яғни ауқымды облыстық кластер пайда болады. «Almaty SkyHub» заманауи мультимодальді логистика орталығы өңірдегі маңызды жобалардың бірі болмақ.
 
Осы өршіл жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап, инвесторларды белсенді түрде тарту керек.
 
Қазірдің өзінде сауда-логистика орталығын және қойма инфрақұрылымын дамытуға қызығушылық танытып отырған әлеуетті серіктестердің, соның ішінде шетел компанияларының бар екенін білемін.
 
Аталған мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Президент считает, что возможности искусственного интеллекта опережают коллективные способности людей понимать, оценивать и регулировать его

Президент считает, что возможности искусственного интеллекта опережают коллективные способности людей понимать, оценивать и регулировать его

Развитие ИИ должно соответствовать принципам мира...

  17.07.2026   230
Президент жұртшылықтың ЖИ-ді түсініп, бағалау және реттеу бағытындағы ұжымдық қабілеті қалыптасып үлгергенше, оның мүмкіндіктері әлдеқайда озып кетуде деп санайды

Президент жұртшылықтың ЖИ-ді түсініп, бағалау және реттеу бағытындағы ұжымдық қабілеті қалыптасып үлгергенше, оның мүмкіндіктері әлдеқайда озып кетуде деп санайды

Бұл орайда жасанды интеллектіні дамыту ісі өзара т...

  17.07.2026   183
Глава государства высказал ряд предложений по созданию транснациональной цифровой инфраструктуры и гармонизации политики в сфере ИИ

Глава государства высказал ряд предложений по созданию транснациональной цифровой инфраструктуры и гармонизации политики в сфере ИИ

– Мы предлагаем запустить инициативу «Казахстанско...

  17.07.2026   195
Глава государства остановился на стратегических преимуществах Казахстана в сфере развития ИИ

Глава государства остановился на стратегических преимуществах Казахстана в сфере развития ИИ

По его мнению, наша страна обладает всеми предпосы...

  17.07.2026   176
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.