Четверг, 29 Октября 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады»

«Бұдан бөлек, біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеттік.
Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді.
Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болды.
Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады.
Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді.
Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз.
Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева

Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева

Огромные портреты президентов на фасадах зданий, ф...

  29.10.2026   123
Президент:  Тағы бір өзекті тақырып. Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн

Президент: Тағы бір өзекті тақырып. Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн

Президент: «Тағы бір өзекті тақырып. Инклюзив...

  28.10.2026   182
️Қасым-Жомарт Тоқаев: Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз

️Қасым-Жомарт Тоқаев: Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз

️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сондай-ақ біз алғашқы...

  28.10.2026   192
Касым-Жомарт Токаев:  Народная стройка» обусловлена не только экономическими задачами, но и накопившимся багажом структурных дисбалансов

Касым-Жомарт Токаев: Народная стройка» обусловлена не только экономическими задачами, но и накопившимся багажом структурных дисбалансов

Касым-Жомарт Токаев: «Народная стройка» обусл...

  28.10.2026   174
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.