Четверг, 03 Сентября 2026

Президенттің пікірінше, ЖИ экономика, сауда және жаһандық өзара байланыстың болашағын айқындайтын, толыққанды инфрақұрылымы бар салаға айналып келеді

Президенттің пікірінше, ЖИ экономика, сауда және жаһандық өзара байланыстың болашағын айқындайтын, толыққанды инфрақұрылымы бар салаға айналып келеді

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға өскен. 2033 жылға қарай жаһандық ЖИ нарығының көлемі шамамен 5 триллион долларға жетеді деп болжанып отыр. Демек, бір нәрсе анық: жасанды интеллектіні басқару жүйесі кешенді сипатқа ие болуға тиіс. Ол жартылай өткізгіштер мен деректерді өңдеу орталықтарынан бастап этика, білім беру және адамның қадір-қасиетін қорғауға дейінгі бүкіл бағытты қамтуы қажет. Cонымен қатар трансформация үдерісі геосаяси шиеленіс ушығып, ірі әлемдік державалар арасындағы сенімге селкеу түскен, жік-жікке бөлінген кезеңде жүріп жатыр. Өкінішке қарай, мемлекеттердің көбі қақтығыстарға тосқауыл қоюға мән бермейді, есесіне оның салдарын жоюға күш-жігерін сарқа жұмсайды. Жасанды интеллект алдын ала ескерту жүйесін, превентивті дипломатияны, гуманитарлық көмек пен бітімгерлік әрекеттерді күшейту арқылы бізге осы қисынсыз түсінікті өзгертетін тарихи мүмкіндік беріп отыр, – деді  Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, жасанды интеллект, ең бастысы, әділ әрі инклюзивті дамудың қозғаушы күші бола алады.

– Бірде бір ел жасанды интеллектіні тұтынумен шектелмеуге тиіс. Адами капиталы мен цифрлық инфрақұрылымын дамытып, институционалдық әлеуетін көтеруге кез келген мемлекеттің мүмкіндігі болуы керек. Бұл жерде әңгіме тағы да әділдік пен адалдыққа барып тіреледі. Жасанды интеллектіні экономика мен қоғам игілігіне пайдалану, сөйте тұра оны адамның саналы әрі қабілетті басқаруында қалдыру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Қазақстан Дүниежүзілік жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құрылуын тарихи шешім деп санайды. Аталған ұйым ЖИ-ді басқаратын әмбебап құрылымның негізін қалайтынына сенімдіміз. Ол күллі адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзара тиімді серіктестік тетігі болуы қажет, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Другие новости

Отношения между Казахстаном и Китаем находятся на беспрецедентно высоком уровне – Касым-Жомарт Токаев дал интервью «Синьхуа»

Отношения между Казахстаном и Китаем находятся на беспрецедентно высоком уровне – Касым-Жомарт Токаев дал интервью «Синьхуа»

Отношения между Казахстаном и Китаем в настоящее в...

  02.09.2026   164
Бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді – Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

Бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді – Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас қазір...

  02.09.2026   200
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в официальной церемонии открытия VI Всемирных игр кочевников, проходящих в Бишкеке

Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в официальной церемонии открытия VI Всемирных игр кочевников, проходящих в Бишкеке

В этом году соревнования пройдут с 31 августа по 6...

  01.09.2026   140
Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочим визитом в Бишкек

Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочим визитом в Бишкек

Касым-Жомарт Токаев по приглашению Президента Кырг...

  31.08.2026   246
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.