Среда, 21 Октября 2026

«Ана тілін ардақтау – азаматтық парыз»

«Ана тілін ардақтау – азаматтық парыз»

Қазақстан Республикасы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, насихаттау және ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында әскери қызметшілер арасында ана тіліне деген құрметті арттыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылының кітапханасында өткізілді. Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілері қатысты.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер ана тіліне деген құрметін білдіріп, қазақ халқының белгілі ақын-жазушыларының тіл, Отан, ел мен жер тақырыбындағы өлеңдері мен жыр шумақтарын нақышына келтіре орындады.          Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің маңызы, оның ұлт бірлігін нығайтудағы және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі туралы пікірлер айтылды.
Іс-шара Қазақстан халқының Тілдер күніне орайластырылып, әскери қызметшілердің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға, қазақ тілін құрметтеуге және күнделікті қызмет барысында оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталды.
Шара соңында Қараой ауылының кітапханасының меңгерушісі Нурбекова Айман Жексенбайқызы әскери қызметшілерге кітапхана қорындағы қазақ халқының ұлы ақын-жазушыларының таңдаулы шығармаларымен таныстырып, олардың әдеби мұрасы мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызы туралы айтып өтті. Әскери қызметшілер ұлы ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптарды тамашалап, рухани-танымдық мағлұматтар алды.

Д. Мырзагулов, 
Қызметтік кинология басқармасының қызметшісі

Другие новости

«Ақсауыт» в гостях у пограничников: когда встречаются старые друзья

«Ақсауыт» в гостях у пограничников: когда встречаются старые друзья

Когда к тебе приезжают гости, да еще и с добрыми н...

  20.10.2026   172
От землянок до современных застав

От землянок до современных застав

Сирена разбудила пограничный отряд ранним утром. Е...

  20.10.2026   183
Военное образование: возможности для казахстанской молодежи

Военное образование: возможности для казахстанской молодежи

Казахстанская молодежь может получить военное обра...

  19.10.2026   198
В строю пограничников – врач

В строю пограничников – врач

В этом году Алибек Айтбаев окончил Казахстанско-Ро...

  16.10.2026   174
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.