Понедельник, 26 Октября 2026

Алматы облысында аманаттықтар мен кәсіпкерлер 6 тонна көмек жинады

Алматы облысында аманаттықтар мен кәсіпкерлер 6 тонна көмек жинады

Өңірде су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы «Өжет» базары кәсіпкерлерінің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 6 тонна гуманитарлық көмек жинады.

«Партияның «Күшіміз бірлікте!» акциясы аясында базар ұжымы  су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге өз үлестерін қосып, 3 тонна аяқ киім және 3 тонна киім-кешек жинады. Гуманитарлық көмек ертең де жиналады», – дейді «Өжет» базары директорының орынбасары Бауыржан Салимбаев.

Бұған дейін аманаттықтар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 1 мыңнан аса аяқ киім жолдаған болатын.

«Бірнеше өңірді су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Зардап шеккен аймақтардағы әріптестерімізбен хабарласып, қандай қажетті құрал жабдықтар керек екенін сұрадық. Олардың бірінші сұранысы – резеңке аяқ киім. Кеше партияластар мен депутаттық фракция мүшелері 1 мыңнан аса резеңке етік жинап, алғашқы көмек легін бастаған болатын», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін «Алатау жастары» КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Забота творит чудеса

Забота творит чудеса

Более тысячи детей с особыми потребностями посещаю...

  21.10.2026   253
Сила добрых дел

Сила добрых дел

День Республики - повод вспомнить историю независи...

  20.10.2026   246
«Жүректен жүрекке» – мейірім мен махаббат мерекесі

«Жүректен жүрекке» – мейірім мен махаббат мерекесі

Іле ауданында облыстық инклюзивті фестиваль екінші...

  19.10.2026   287
Семья – основа всех основ

Семья – основа всех основ

На днях Карасайский район посетили члены Комиссии...

  16.10.2026   457
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.