Суббота, 15 Августа 2026

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

2025 жылғы 22 мамырда Алатау қаласының «Отбасын қолдау орталығында» Президент Әкімшілігінің тапсырмасы негізінде және «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар тұжырымдамасына сәйкес «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараны «Алатау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Алатау қаласы ішкі саясат басқармасы», қаланың бас имамы, ақсақалдар алқасы, «Мансап» орталығының және «Отбасы банк» мамандары бірлесе өткізіп, қоғамдағы ата-ана рөлі мен отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында жан-жақты пікір алмасу алаңы болды.

Ашық есік күнінің мақсаты – орталықтың жұмысы туралы тұрғындарға кеңінен ақпарат беру, әлеуметтік қолдау шаралары мен қызметтерді таныстыру, сонымен қатар тұрғындарға психологиялық және заңгерлік кеңестер ұсыну. Сондай-ақ, іс-шара отбасылық институтты нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды.

Келушілер арасында тұрғын үй, медицина, психологиялық қолдау, білім беру, құқықтық мәселелер мен жұмыспен қамту бойынша кеңес алғандар көп болды. Әсіресе, баспана мәселесіне қатысты сұрақтар басымдыққа ие болды. Арнайы шақырылған «Отбасы банк» өкілдері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, тұрғын үй алудың жолдарын түсіндірді.

Іс-шара барысында келіп түскен барлық өтініштер тіркеліп, тиісті мекемелердің қарауына жолданды. Қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараға оң баға беріп, осындай кездесулердің жүйелі түрде өткізіліп тұруы маңызды екенін атап өтті.

Гульназ Кенесбаева, 
Алатау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Другие новости

«Дорога в школу»: в Конаеве оказана помощь на 75 млн тенге

«Дорога в школу»: в Конаеве оказана помощь на 75 млн тенге

В городе Конаев проходит республиканская благотвор...

  12.08.2026   189
Создаются необходимые условия

Создаются необходимые условия

В городе Қонаев проверили готовность избирательных...

  07.08.2026   357
За неделю в Казахстане снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров

За неделю в Казахстане снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров

По состоянию на 5 августа 2026 года, за отчетную н...

  07.08.2026   347
За неделю в Казахстане снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров

За неделю в Казахстане снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров

По состоянию на 29 июля 2026 года, за отчетную нед...

  31.07.2026   976
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.