Вторник, 22 Сентября 2026

«ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

«ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» партияның «Әйелдерге қолайлы кәсіпорын» әйелдерді қолдау стандарты тұжырымдамасы аясында бірқатар өндіріс орындарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты, «Әйелдер қанатының» төрайымы Меруерт Молдашева және ұйым мүшелері қатысты.

Әйелдер қанатының бастамалары негізінде еліміздің әртүрлі салаларында еңбек етіп жүрген әйелдердің жұмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік, саяси және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ отбасылық және демографиялық саясатты қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Жұмысшы топ алдымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ауыр әрі зиянды еңбек жағдайында қызмет атқарып жүрген әйелдердің жағдайына талдау жасау мақсатында «Фирма Бент» ЖШС мекемесіне барды. Мұнда Еңбек кодексінде және басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген жеңілдіктердің, сондай-ақ кәсіпорындардың өз бастамаларымен жүзеге асырып отырған кепілдіктердің орындалу деңгейіне назар аударылды.

Сонымен қатар, топ мүшелері «Dolce-Pharm» мекемесіне барып, ондағы еңбек жағдайымен танысты. Екі кәсіпорында да жұмысшылардың талап-тілектері тыңдалып, олардың ұсыныстары ескерілді. Қызметкерлер тарапынан кездесуде Ынтымақ ықшамауданының тұрғындары жер телімін заңдастыру, ауызсу тапшылығы, электр энергиясының тұрақсыздығы және балалар алаңдарының жетіспеушілігі сияқты мәселелерді көтерді. Бұл мәселелерді тиісті басқарма мамандарымен бірлесіп шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.

Жиын соңында жұмысшы топ әйелдердің құқықтарын қорғау және қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Другие новости

Традиция  добра

Традиция добра

В Райымбекском районе продолжается системная работ...

  21.09.2026   332
Традиция добра

Традиция добра

В Райымбекском районе продолжается системная работ...

  21.09.2026   156
«NIS RUN» марафоны 100 отбасын біріктірді!

«NIS RUN» марафоны 100 отбасын біріктірді!

NIS Алматы-Наурызбай мектебінде Отбасы күніне орай...

  18.09.2026   232
Марафон «NIS RUN» объединил более 100 семей

Марафон «NIS RUN» объединил более 100 семей

В NIS Алматы-Наурызбай ко Дню семьи прошел беговой...

  18.09.2026   213
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.