Среда, 23 Сентября 2026

Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

Алатау қаласында отбасыларға қолдау көрсету шаралары жалғасуда

Алатау қаласының Отбасын қолдау орталығы тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда, орталық мобилдік топтармен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруда.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – тұрмыстық қиындықтарға кезіккен отбасыларға уақытылы көмек көрсету, олардың құқықтық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау білдіру. Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, қоғамдағы әлсіз топтардың мүддесін қорғауға ықпал ету болып табылады.

Қаладағы мобильдік топтар әлеуметтік сала мамандарынан құралған. Олар отбасыларды аралап, қажетті ақпарат беріп, тиісті мемлекеттік органдарға жолдама жасау арқылы жәрдемдеседі.

Отбасын қолдау орталығы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, қала тұрғындарының сеніміне ие болуды көздеп отыр.

Алатау қаласы әкімнің баспасөз қызметі.

Другие новости

Голубое топливо – в каждое село

Голубое топливо – в каждое село

В Талгарском районе природным газом обеспечены 42...

  23.09.2026   116
Маршрутами дорожного ремонта

Маршрутами дорожного ремонта

На сегодняшний день общая протяженность автомобиль...

  23.09.2026   106
Прямой путь к трудоустройству

Прямой путь к трудоустройству

В преддверии Дня труда в Балхашском районе состоял...

  23.09.2026   106
В Алматинской области пересмотрят работу центров поддержки семьи

В Алматинской области пересмотрят работу центров поддержки семьи

В Алматинской области будет проведен комплексный а...

  23.09.2026   112
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.