Суббота, 25 Июля 2026

Алматы облысында «Best Volunteers» үздік волонтерлерді марапаттау рәсімі өтті

Алматы облысында «Best Volunteers» үздік волонтерлерді марапаттау рәсімі өтті

Қарасай ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында волонтерлік қызметте белсенділік танытып, қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген Алматы облысының жастарын ұлықтауға арналған «Best Volunteers» марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында сөз алған Алматы облысының жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешев волонтерлік қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – аймақтағы еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосқан белсенді жастарды анықтап, олардың еңбегін көпшілікке таныту және лайықты марапаттау.
– Волонтерлік қызметтің әлеуметтік маңызын кеңінен насихаттау, жастарды қайырымдылыққа, өзара көмекке, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, еріктілік бастамаларды қолдау және жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту – бүгінгі шараның негізгі міндеттері. Сонымен қатар, жаңа еріктілерді тарту да басты назарда, – деді ол.
Марапаттау рәсіміне Қарасай аудандық мәслихат депутаты Батырбекұлы Бекжан Сүнбеков те қатысып, қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың еңбегіне алғысын білдіріп, алдағы қайырымдылық бастамаларына сәттілік тіледі.
Шара барысында Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласынан іріктелген, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бастамаларды дамытуға елеулі үлес қосқан 11 үздік волонтер марапатталды. Жеңімпаздардың әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы, сондай-ақ алғыс хаттар табысталды.
«Best Volunteers» жеңімпаздары:
•    Балқаш ауданы — Қожамұрат Әлібек Айдосұлы
•    Еңбекшіқазақ ауданы — Серік Сымбат Еркешқызы
•    Ұйғыр ауданы — Розахунов Батур Баратович
•    Қарасай ауданы — Мчедлидзе Ясми Мұстафақызы
•    Қонаев қаласы — Турагул Арнур Нұрланұлы
•    Қонаев қаласы — Садыкова Миргүл Бейбітовна
•    Алатау қаласы — Қалдыбаев Нұрсұлтан Ерланбекович
•    Талғар ауданы — Боровиков Аркадий Александрович
•    Кеген ауданы — Абидкаликова Нұргуль Нұрғалиқызы
•    Іле ауданы — Беспай Самина Серікқызы
•    Іле ауданы — Қанатқызы Аружан
Аталған волонтерлер – мейірімділік пен жауапкершіліктің, белсенді азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі. Осындай жанашыр әрі белсенді жастардың арқасында қоғамдағы бірлік пен ынтымақ нығайып, игі істердің ауқымы кеңейе түсуде.

Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Другие новости

Миссия добрых сердец

Миссия добрых сердец

Южнокорейская клиника Hyundae Hospital совместно с...

  21.07.2026   259
Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бастап облыс бойынша барлығы 14 471 жа...

  20.07.2026   252
Контроль коммунальных тарифов

Контроль коммунальных тарифов

В первом полугодии 2026 года жителям Алматинской о...

  17.07.2026   347
В Казахстане наблюдается сезонное снижение цен

В Казахстане наблюдается сезонное снижение цен

По состоянию на 15 июля 2026 года, за отчетную нед...

  17.07.2026   251
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.