Четверг, 01 Октября 2026

Алматы облысының түзеу мекемелерінде жаңа өндірістер іске қосылып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту ауқымы кеңейіп жатыр

Алматы облысының түзеу мекемелерінде жаңа өндірістер іске қосылып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту ауқымы кеңейіп жатыр

Алматы облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №10 мекемеде екі жаңа өндірістік нысан — «INFINITEL» және «БроМарт» кәсіпорындары іске қосылды. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың кезекті кезеңі жүзеге асты.

Жаңа өндіріс орындарының қызметімен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, салалық ведомстволардың басшылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері танысты. Мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы тиімді әріптестік нәтижесінде ел басшылығы қойған жазасын өтеушілерді қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру және ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Өңірде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту деңгейі 41 пайыздан 65 пайызға дейін артты. Бұл нәтижеге кәсіпкерлермен бірлесіп іске асырылған оқыту бағдарламалары мен өндірістік жобалардың қосқан үлесі зор. Атап айтқанда, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тегін курстар аясында 250 адам сертификат алып, олардың 78-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ҚАЖ мекемелеріндегі өндірістік инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бұл кәсіпорындардың іске қосылуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын нақты іске асырудың айқын көрінісі. Еңбек — жазасын өтеушілерді қоғамға қайта бейімдеудің ең тиімді тетіктерінің бірі. Осындай жобалар арқылы біз оларға жаңа мүмкіндік ұсынып, болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастырамыз», — деді облыс әкімі.

Қараша айының қорытындысы бойынша ҚАЖ жүйесіне қарасты №10, 12, 14 және 57 мекемелерінде жалпы саны 251 жаңа жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта өңірде өндірістік секторды кеңейту және жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Другие новости

Государственный грант — возможность превратить идею в успешный бизнес

Государственный грант — возможность превратить идею в успешный бизнес

В городе Алатау граждане активно развивают предпри...

  30.09.2026   139
«Ақылдым» расширяет свои возможности

«Ақылдым» расширяет свои возможности

Незадолго до профессионального праздника казахстан...

  30.09.2026   104
От увлечения к собственному делу: история Айгерим Нуржан

От увлечения к собственному делу: история Айгерим Нуржан

В городе Алатау все больше жителей реализуют свои...

  29.09.2026   182
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірқатары бойынша баға төмендеуі жалғасуда

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бірқатары бойынша баға төмендеуі жалғасуда

2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша есепті а...

  25.09.2026   284
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.