Четверг, 30 Июля 2026

«Әділетті қоғам: жастар таңдауы»

«Әділетті қоғам: жастар таңдауы»

Алматы облысында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасының аясында «Әділетті қоғам: жастар таңдауы» атты ауқымды форум өтті. Тағылымды шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Форумды өңірлік Полиция департаментінің Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі Кеңесі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл бастама – мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара ықпалдастығының нақты көрінісі.
Облыстың 500-ден астам жастарының басын қосқан шара барысында құқықтық мәдениетті арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу, киберқылмыс, есірткі қылмысы, қаржылық алаяқтық секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту жолдары туралы пікір алмасты.
Форум аясында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мақсат Кенешев, облыстық есірткіге қарсы күрес департаментінің подполковнигі Алтын Есболсынқызы, киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің майоры Әлібек Арланұлы, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздік тақырыбында Меруерт Еркінқызы сөз сөйледі. 
Спикерлер жастардың құқықтық санасын арттыру, интернет қауіпсіздігі, қаржылық сауаттылық, зиянды әдеттердің алдын алу бағытында нақты мысалдар келтіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, ашық диалог алаңын қалыптастырды.
Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ең алдымен заңды білуден басталады. Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру  уақыт талабы. Заңды білу - тек жауапкершілік емес, сонымен қатар әр азаматтың өз құқығын қорғауы мен болашағына сенімді қадам жасауының кепілі.
Форум аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында ұйымдастырылған сурет көрмесі өтіп, жас суретшілер өз шығармалары арқылы әділетті қоғам бейнесін көрсетті. Үздік туынды авторлары арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, кинолог мамандар Есірткіге қарсы күрес басқармасының арнайы қызметтік иттерінің нашақорларды құрықтау кезіндегі іс-әрекеттерін сахналық көрсетілім арқылы таныстырды. Бұл көрініс жастардың ерекше қызығушылығын тудырып, құқық қорғау органдары қызметінің маңыздылығын айқындай түсті.
Шара соңында қатысушылар заң мен тәртіпті сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтіп, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде жастардың рөлі айрықша екенін жеткізді. Форум жастарға ой салып, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға серпін берген маңызды алаңға айналды.

Другие новости

Ключи от собственных квартир

Ключи от собственных квартир

И вновь в Карасайском районе прошел добрый, светлы...

  29.07.2026   158
Алматы облысында 4 мыңнан астам волонтер тіркелген

Алматы облысында 4 мыңнан астам волонтер тіркелген

Алматы облысында волонтерлік қызметті дамыту жұмыс...

  28.07.2026   176
Миссия добрых сердец

Миссия добрых сердец

Южнокорейская клиника Hyundae Hospital совместно с...

  21.07.2026   555
Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бастап облыс бойынша барлығы 14 471 жа...

  20.07.2026   628
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.