Понедельник, 13 Июля 2026

Алматы облысында инклюзивті орта қалыптастыру үшін 278 ғимарат бейімделеді

Алматы облысында инклюзивті орта қалыптастыру үшін 278 ғимарат бейімделеді

Алматы облысында «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» жол картасы аясында бес жыл ішінде 1422 нысанды бейімдеу жоспарланған. Биыл 278 нысанды бейімдеу көзделіп, қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Халықтық әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов айтты. 
Қолжетімді орта қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың емес, кәсіпкерлер мен мекеме басшыларының да міндеті. Заң талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық көлікке, тұрғын үйлерге, қоғамдық ғимараттар мен басқа да нысандарға кедергісіз кіруін, еркін қозғалуын және бағдарлануын қамтамасыз етуі қажет.
«Егер қолжетімді орта талаптары сақталмаса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК, шағын бизнес субъектілеріне – 120 АЕК, орта бизнеске – 200 АЕК, ал ірі бизнес субъектілеріне 400 АЕК көлемінде айыппұл салынады»,-деді Айдынжан Нарматов өз сөзінде.
Сондай-ақ бүгінгі таңда ерекше назар аударылып отырған мәселенің бірі – сәйкестік декларациясы. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Соған сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін сәйкестік декларациясын келісу рәсіміне өзгерістер енгізіледі.
Ендігі уақытта бұл функция жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне беріледі.
Бұл өзгерістің мақсаты – пайдалануға берілетін объектілердің қолжетімділік талаптарына нақты сәйкестігін қамтамасыз ету. Яғни жаңа ғимараттар мен нысандар тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де барлық азаматтарға қолайлы болуы қажет.
Жаңа талаптарға сәйкес жаңадан салынатын, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және күрделі жөндеуден өтетін барлық объектілер міндетті түрде қолжетімділік талаптарына сай болуы тиіс. Бұл талаптар әлеуметтік, медициналық, білім беру, спорт, мәдениет, тұрғын үй, көлік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарының барлығына қолданылады.

Другие новости

В Казахстане продолжают снижаться цены на социально значимые продукты

В Казахстане продолжают снижаться цены на социально значимые продукты

По состоянию на 8 июля 2026 года, за отчетную неде...

  10.07.2026   258
В направлении равных возможностей

В направлении равных возможностей

Создание по-настоящему инклюзивного общества, где...

  25.06.2026   1395
На первом месте – вопросы жителей

На первом месте – вопросы жителей

На днях в стенах Талгарского районного центра заня...

  24.06.2026   1469
СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

СТУДЕНТТІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

2026 жылғы 19 маусым күні студенттік және жастар е...

  22.06.2026   1558
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.