Суббота, 24 Октября 2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАЛДЫҚ - КҮНДЕЛІКТІ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАЛДЫҚ - КҮНДЕЛІКТІ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекеттік қызметші болу - тек белгілі бір лауазымды атқару емес. Бұл - мемлекет пен азаматтың арасындағы сенімге жауап беру.
Күн сайын мемлекеттік қызметші азаматтардың өтінішін қарайды, шешім қабылдайды, құжатқа қол қояды, мемлекеттік қызмет көрсетеді. Осындай қарапайым көрінетін әрекеттердің әрқайсысы азаматтың мемлекетке деген көзқарасына әсер етеді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды тек заң талаптарын орындаумен шектеуге болмайды. Оның негізінде мемлекеттік қызметшінің ішкі мәдениеті мен жеке жауапкершілігі тұруы керек.
Заңнамада мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тиісті тұлғалар үшін бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер белгіленген. Олардың мақсаты - қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу.
Бұл жерде мүдделер қақтығысына ерекше тоқталуға болады.
Кейде адам өзінің жеке мүддесі мен қызметтік міндеті арасында қайшылық туындағанын бірден аңғармауы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайды жасырып қалу мәселені шешпейді. Керісінше, оны дер кезінде анықтап, заңда белгіленген тәртіппен реттеу - мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін көрсетеді.
Адалдықтың тағы бір маңызды көрінісі - қызметтік жағдайды жеке пайда үшін пайдаланбау.
Қарапайым мысал келтірейін. Азамат мемлекеттік органға қызмет алу үшін келеді. Ол үшін қарсы алдында отырған мемлекеттік қызметшінің кім екені емес, оның мәселесін әділ әрі заңға сәйкес шешетіні маңызды. Егер адам қызмет алу үшін таныс іздеуге, байланыс пайдалануға немесе қосымша «жол» қарастыруға мәжбүр болса, бұл мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретеді.
Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өзіне кейде өте қарапайым сұрақ қойып отырғаны дұрыс: «Менің бүгінгі шешімім заңға ғана емес, әділдік қағидатына да сай ма?»
Мұндай сұрақтың маңызы зор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол басшының жеке үлгісінен, ұжымдағы қарым-қатынастан, азаматпен сөйлесу мәнерінен, шешім қабылдаудың ашықтығынан қалыптасады.
Менің ойымша, мемлекеттік қызметтегі ең үлкен жетістік - тек заң бұзушылықтың болмауы емес. Ең бастысы - азаматтың мемлекеттік органға келген кезде өзін құрметтелген және оның мәселесі әділ қаралатынына сенімді сезінуі.
Мемлекетке деген сенім осындай күнделікті қарым-қатынастан басталады.
Ал сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - сол сенімді сақтаудың маңызды шарттарының бірі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы – Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиев

Другие новости

Забота творит чудеса

Забота творит чудеса

Более тысячи детей с особыми потребностями посещаю...

  21.10.2026   231
Сила добрых дел

Сила добрых дел

День Республики - повод вспомнить историю независи...

  20.10.2026   224
«Жүректен жүрекке» – мейірім мен махаббат мерекесі

«Жүректен жүрекке» – мейірім мен махаббат мерекесі

Іле ауданында облыстық инклюзивті фестиваль екінші...

  19.10.2026   266
Семья – основа всех основ

Семья – основа всех основ

На днях Карасайский район посетили члены Комиссии...

  16.10.2026   362
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.