Вторник, 29 Апреля 2025

ЕҢБЕК – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

ЕҢБЕК – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Кез келген жетістік пен өркендеудің түп-тамырында – адал еңбек, маңдай тер мен қажымас қайрат жатыр. Ел еңсесін тіктеуде қарапайым еңбек адамдарының қосқан үлесі орасан.

Биылғы жыл – еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшы мамандық иелерінің еңбегін бағалау мен олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ерекше кезең.

«Жұмысшы мамандықтар жылы»аясында еңбек адамына деген жан-жақты қолдау артып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға баса назар аударылуда. Бұл бастама – еңбек адамына деген терең құрметтің айқын белгісі әрі олардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам.

Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен Есік қаласында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды.

Шараға ауданның белсенді жастары, еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Іс-шара барысында Есік кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері мен еріктілері бірігіп, ағаш көшеттерін отырғызып, аллея аумағында тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл бастама экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, жастардың еңбекке деген құрметін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысы жариялаған “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасының аясында ашылған «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» – еңбек адамына көрсетілген шынайы құрметтің көрінісі ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің тағылымды үлгісі.

Алдағы уақытта да Еңбекшіқазақ ауданында еңбек адамын қолдау және олардың қоғамдағы беделін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

Другие новости

ЕҢБЕК – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

ЕҢБЕК – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Кез келген жетістік пен өркендеудің түп-тамырында...

  29.04.2025   74
Крепче за баранку держись, шофер!

Крепче за баранку держись, шофер!

Год рабочих профессий - отличная возможность напом...

  17.04.2025   370
Кузница, где рождаются мастера

Кузница, где рождаются мастера

В Талгарском районе есть учебное заведение, которо...

  17.04.2025   473
Знание плюс ремесло – формула успеха

Знание плюс ремесло – формула успеха

В Доме культуры села Узынагаш состоялся молодежный...

  05.03.2025   428
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.