Понедельник, 21 Сентября 2026

ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан әкімі орынбасары Мұхамедғаріп Құрманғалиев қатысып, «Galanz bottlers» компаниясының ұжымымен бірге аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
Аталған мекемеден 200-ге жуық адам сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргізуге белсенді үлес қосты. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырды.
Аудан әкімі орынбасары Мұхамедғаріп Құрманғалиев өз сөзінде:
«Бүгін біз “Galanz bottlers” компаниясымен бірге сенбілікке қатысып отырмыз. Қуантатыны — бизнес өкілдері мұндай бастамаларға бейжай қарамай, белсенді қолдау көрсетуде. Аталған мекемеден 200-ге жуық адам шығып, тазалық жұмыстарына үлес қосты. “Таза Қазақстан” — бұл бір күндік акция емес, бұл — тазалық мәдениеті», — деп атап өтті.
Айта кету керек, Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен туған жерге деген жанашырлығының нақты көрінісі.

Другие новости

Зарыбление - сильная экосистема водоема

Зарыбление - сильная экосистема водоема

На водной глади Капшагайского водохранилища произо...

  21.09.2026   215
Не оставлять после себя - простое правило

Не оставлять после себя - простое правило

Ежедневно тысячи работников коммунальных служб, ор...

  20.09.2026   187
Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Комфортная городская среда состоит не только из но...

  20.09.2026   193
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Сегодня в городе Алатау в рамках программы «Таза Қ...

  19.09.2026   241
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.