Понедельник, 21 Сентября 2026

«Таза Қазақстан»: Іле ауданында 56 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Іле ауданында 56 тонна қоқыс шығарылды

Іле ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілігі өтті.

Тазалық жұмыстарына аудан бойынша 2910 тұрғын қатысып, 24 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 22 гектар аумақ тазартылып, 56 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық кеңістіктер, әлеуметтік нысандардың айналасы мен елді мекендердің аумақтары қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Букенаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Таза Қазақстан – бұл бір күндік сенбілік емес, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі. Елді мекендердің тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі іске белсенді қатысып жүрген барлық тұрғындарға алғысымды білдіремін», – деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы ғана емес, бұл – абаттандыру мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық бастама.

Іле ауданында аталған акция аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

Другие новости

Зарыбление - сильная экосистема водоема

Зарыбление - сильная экосистема водоема

На водной глади Капшагайского водохранилища произо...

  21.09.2026   218
Не оставлять после себя - простое правило

Не оставлять после себя - простое правило

Ежедневно тысячи работников коммунальных служб, ор...

  20.09.2026   187
Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Комфортная городская среда состоит не только из но...

  20.09.2026   193
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Сегодня в городе Алатау в рамках программы «Таза Қ...

  19.09.2026   241
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.