Понедельник, 21 Сентября 2026

Алматы облысында экологиялық заңнаманың сақталуы бақылауда

Алматы облысында экологиялық заңнаманың сақталуы бақылауда

Алматы облысы бойынша Экология департаментінде 2026 жылдың І жартыжылдығындағы мемлекеттік экологиялық бақылау және мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындыларына арналған брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы бойынша Экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бақкелді Демеуов жыл басынан бері экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.
Оның мәліметінше, есепті кезеңде 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, олардың нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының 30 бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды жою үшін 30 нұсқама беріліп, кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Жалпы 42 әкімшілік іс қозғалып, салынған айыппұлдардың едәуір бөлігі өндірілді.
Сонымен қатар есепті кезеңде 7 профилактикалық бақылау өткізілді. Жоспарланған бір бақылау кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілмеген.
Брифинг барысында Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Раушан Мухажанова мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындыларына тоқталды. Оның айтуынша, Департамент қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат беру, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру, кешенді экологиялық рұқсат рәсімдеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру және скрининг жүргізу бағыттары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Барлық мемлекеттік қызметтер www.elicense.kz порталы арқылы электрондық форматта ұсынылады және тегін көрсетіледі.
Спикерлердің айтуынша, Департамент алдағы уақытта да экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Другие новости

Зарыбление - сильная экосистема водоема

Зарыбление - сильная экосистема водоема

На водной глади Капшагайского водохранилища произо...

  21.09.2026   218
Не оставлять после себя - простое правило

Не оставлять после себя - простое правило

Ежедневно тысячи работников коммунальных служб, ор...

  20.09.2026   187
Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Комфортная городская среда состоит не только из но...

  20.09.2026   193
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Сегодня в городе Алатау в рамках программы «Таза Қ...

  19.09.2026   241
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.