Пятница, 20 Марта 2026

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және еңбек құқықтарының сақталуын бақылау – мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен тиімді жұмысының маңызды шарттарының бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2025 жылдың қорытындысы бойынша тиісті талдау және мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Еңбек демалысы мен сауықтыру жәрдемақысы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметшіге жыл сайын кемінде 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы беріледі және екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленуі тиіс. Алайда жүргізілген талдау бұл талаптардың барлық жағдайда сақтала бермейтінін көрсетті.
2025 жылы Алматы облысы бойынша 754 мемлекеттік қызметшінің еңбек демалысына шығуына талдау жүргізілді. Оның ішінде 60 қызметшіге еңбек демалысына төленетін қаражат заңда белгіленген мерзімнен кешіктіріліп төленген. Бұл барлық демалысқа шыққан қызметшілердің шамамен 8 пайызын құрайды. Аталған заң бұзушылықтар көбіне Жамбыл, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандары әкімдері аппараттарында тіркелген.

Іссапар шығындарының өтелуі

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іссапар шығындарын толық және уақытылы өтеу – заңмен бекітілген маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іссапарларының 1980-іне талдау жүргізілді. Оның ішінде 142 жағдайда тиесілі төлемдер уақытында жүргізілмей, іссапар кезінде немесе одан кейін төленген. Бұл барлық іссапарлардың шамамен 7 пайызын құрайды. Мұндай жағдайлар көбіне Іле, Балқаш, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандары әкімдері аппараттарында кездескен.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын шектеумен қатар, мемлекеттік органдардағы ұйымдастырушылық кемшіліктерді көрсетеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына әсер етуі мүмкін.

Жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 
2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізеді. Осы бағыттағы мониторингті жүргізу тәртібі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген қағидамен реттеледі.
Аталған қағиданың 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде 1709 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде 224 мемлекеттік қызметшіге жалпы 448 сағат көлемінде тынығу уақыты беріліп құқықтары қалпына келтірілді.

Қорытынды

Жүргізілген талдау мен мониторинг нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау мәселелері тұрақты бақылауда екенін көрсетті. Сонымен қатар жекелеген мемлекеттік органдарда заңнама талаптарын сақтау бойынша жұмысты күшейту қажеттігі байқалады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға еңбек және әлеуметтік кепілдіктердің, сондай-ақ жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.

Ә. Аспандьяр,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы. 

Другие новости

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері...

  20.03.2026   42

"Stop Corruption” — путь к честному обществу!

В городе Алатау в рамках принципа «Закон и порядок...

  19.03.2026   198
“Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!

“Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!

Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында...

  19.03.2026   197
Золото после долгой паузы

Золото после долгой паузы

Старший лейтенант полиции Умида Садыкова, представ...

  12.03.2026   176
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.