Среда, 21 Октября 2026

«Алатау аманаты» жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде

«Алатау аманаты» жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде

Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Қастек шатқалынан бастап, Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағына дейін жалпы ұзындығы 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут кешенді түрде зерттелді.

Зерттеу барысында табиғи нысандар, тарихи-мәдени көрікті жерлер, инфрақұрылым мүмкіндіктері толық қамтылып, барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Зерттеу қорытындысы бойынша маршруттар жүйеленіп, 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты заманауи цифрлық платформаларға енгізілді.

Аталған жобаның іске асырылуы маршруттарды оңай жоспарлауға, нақты бағыт-бағдарды айқындауға және қауіпсіз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама экологиялық туризмнің дамуына, табиғи мұраны сақтауға және жергілікті халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.

«Алатау аманаты» жобасы тұрақты даму қағидаттарына негізделген және халықаралық стандарттарға сәйкес өңірдегі туризмді дамытудың кешенді тәсілінің үлгісі болып есептеледі.

Другие новости

За каждой победой –  годы труда

За каждой победой – годы труда

Несколько минут на татами могут решить судьбу мног...

  16.10.2026   354
Серебро из Италии

Серебро из Италии

В сентябре текущего года на чемпионате мира по кик...

  15.10.2026   296
ІЛЕ АУДАНЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Іле ауданында халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже...

  15.10.2026   268
Бизнес пошел в гору

Бизнес пошел в гору

На горном курорте Oi-Qaragai в Алматинской области...

  14.10.2026   236
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.