Вторник, 30 Июня 2026

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Қарасай ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында Қарасай ауданы әкімі аппаратының уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тергеп-тексеру рәсімдерінің заң талаптарына сәйкестігі зерделенді.
Нәтижесінде қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау және жүргізу кезінде бірқатар процессуалдық заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге қатысты қызметтік тергеп-тексеру басталғаны туралы заңнамада көзделген тәртіппен уақтылы хабарлама берілмегені, түсініктемелер алу, материалдарды жан-жақты жинақтау және оларды іс материалдарымен таныстыру талаптары толық сақталмағаны анықталды.
Бұдан бөлек, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы өкімде аты көрсетілмеген қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолдану мәселесі қаралған.
Бұл мемлекеттік қызмет саласындағы тәртіптік рәсімдердің заң талаптарына сәйкес жүргізілмегенін көрсетті.
Аталған фактілер мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келген.
Осыған байланысты Департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданып, мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Жалпы, мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтау, тәртіптік рәсімдердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау – Агенттіктің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады.

 

Другие новости

Борьба с наркоманией выходит на новый уровень

Борьба с наркоманией выходит на новый уровень

В Казахстане борьба с наркоманией выходит на новый...

  30.06.2026   69
Наркотическая зависимость разрушает здоровье

Наркотическая зависимость разрушает здоровье

Конституция Республики Казахстан провозглашает чел...

  30.06.2026   83
Правоохранительные органы выявляют и блокируют ресурсы, связанные с незаконным оборотом наркотиков

Правоохранительные органы выявляют и блокируют ресурсы, связанные с незаконным оборотом наркотиков

Современные технологии открывают широкие возможнос...

  30.06.2026   60
Борьба с наркопреступностью ведется на государственном уровне

Борьба с наркопреступностью ведется на государственном уровне

Наркомания остается одной из наиболее серьезных уг...

  30.06.2026   74
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.