Четверг, 17 Сентября 2026

Өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Өрт қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы шаруа қожалықтарында кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар өрт қауіпті кезеңде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарын жан-жақты түсіндіріп, өрттің туындауына себеп болатын негізгі қауіп факторларына тоқталды. Әсіресе, құрғақ шөпті, қоқыс пен өсімдік қалдықтарын өртеуге жол берілмейтіні, мұндай әрекеттердің ірі өртке ұласып, адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіп төндіретіні ескертілді.

Сонымен қатар азаматтарға ашық отты пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау, ауыл шаруашылығы техникаларының жарамдылығын бақылау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын әзір ұстау және төтенше жағдай орын алған кезде жедел әрекет ету тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық кездесулер барысында мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өрттің алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар берді. Іс-шара соңында өрт қауіпсіздігі талаптары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әрбір азаматтың заң алдындағы міндеті әрі қоғам алдындағы жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау арқылы ғана төтенше жағдайлардың алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын, мүлік пен табиғатты қорғауға болады.

Другие новости

Право владеть и наследовать

Право владеть и наследовать

Новая Конституция гарантирует право частной собств...

  17.09.2026   131
Человек труда под защитой

Человек труда под защитой

Новая Конституция закрепляет право каждого человек...

  17.09.2026   139
Забота как обязанность

Забота как обязанность

Новая Конституция закрепляет защиту брака и семьи,...

  17.09.2026   140
Сначала проверка - потом доступ в квартиру

Сначала проверка - потом доступ в квартиру

Иногда в дверь звонят люди, представляющиеся сотру...

  17.09.2026   135
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.