Понедельник, 02 Ноября 2026

Алматы облысында мобильді медициналық топ жұмыс жасауда

Алматы облысында мобильді медициналық топ жұмыс жасауда

Алматы облысында ауылдық елді мекендердегі медицнаның сапасын жақсартуға ден қойылуда. Бүгінде шетелден біліктілігін арттырған мамандардан құралған мобильді медициналық топ 7 қыркүйек пен 9 қазан аралығында халыққа қызмет көрсетпек. Бұл туралы облыстық денсаулықс ақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. 
Аталған мобильді топ шалғай аудандарда өз жұмысын жалғасытырады. Атап айтқанда, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. 
«Биыл жергілікті бюджет есебінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 160 миллион теңге бөлінген болатын. Осы қаражаттың 100 миллион теңгесіне наурыз-сәуір айларында 37 ақ халатты маман Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының жетекші клиникалық базаларында білімін жетілдіріп қайтты. Енді олар алған тәжірибесін өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтуға арнауда»,-деді өңірдің бас дәрігері Ержан Сүлейменов.  
Мобильді  топ құрамында психиатр, балалар нейрохирургы, хирург, травматолог, акушер-гинеколог, педиатр, неонатолог және жалпы тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Мамандар ауылдық жерлердегі халыққа консультациялық-диагностикалық қызмет ұсынып, күрделі клиникалық жағдайлар бойынша операторлық жолмен хирургиялық ем ұйымдастырады. Сонымен қатар жергілікті әріптестеріне практикалық тренингтер өткізіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуде.  
Бұл бастама шалғай елді мекендердегі тұрғындарға сапалы әрі мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мобильді топтың жұмысы созылмалы және алғаш рет анықталған ауруларды ерте кезеңде айқындауға мүмкіндік береді. 
Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Другие новости

ЗДОРОВЬЕ КОЖИ - ЗАБОТА О СЕБЕ: О ЧЁМ ВАЖНО ЗНАТЬ КАЖДОМУ?

ЗДОРОВЬЕ КОЖИ - ЗАБОТА О СЕБЕ: О ЧЁМ ВАЖНО ЗНАТЬ КАЖДОМУ?

Псориаз, экзема и атопический дерматит: причины во...

  30.10.2026   191
В Алматинской многопрофильной клинической больнице начали проводить лазерные операции на глазах

В Алматинской многопрофильной клинической больнице начали проводить лазерные операции на глазах

Жители Алматинской области теперь могут получить л...

  30.10.2026   238
РОЗОВЫЙ ОКТЯБРЬ: СВОЕВРЕМЕННАЯ ДИАГНОСТИКА МОЖЕТ СПАСТИ ЖИЗНЬ

РОЗОВЫЙ ОКТЯБРЬ: СВОЕВРЕМЕННАЯ ДИАГНОСТИКА МОЖЕТ СПАСТИ ЖИЗНЬ

Врач - онколог - маммолог городской многопрофильно...

  30.10.2026   216
Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

У врача-хирурга центральной больницы Балхашского р...

  29.10.2026   199
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.