Пятница, 30 Октября 2026

Жаңаарнада жаңа ФАП ашылды: халық игілігіне бағытталған маңызды қадам

Жаңаарнада жаңа ФАП ашылды: халық игілігіне бағытталған маңызды қадам

Алатау қаласының Жаңаарна ықшам ауданында заманауи талаптарға сай жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) салтанатты түрде ашылып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл нысан – елді мекендегі медициналық қызметтің сапасын арттырып, халыққа алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етудегі маңызды қадам.
Ашылу рәсіміне Алатау қаласы әкімінің орынбасары Несипбаева Гүлбану Сейткенқызы мен Алатау қалалық мәслихатының төрағасы Абилова Роза Михаилқызы қатысып, жаңа нысанның лентасын қиып, тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады. Өз сөздерінде олар денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, мұндай жобалардың халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы рөліне ерекше тоқталды.
Жаңа ФАП қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіліп, профилактикалық тексерулер жүргізіледі, жүкті әйелдер мен балаларға жүйелі бақылау ұйымдастырылады. Сонымен қатар, шұғыл жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
Аталған медициналық нысанның іске қосылуы Жаңаарна ықшам ауданы тұрғындары үшін үлкен қолдау болып табылады. Енді жергілікті халық алысқа сабылмай-ақ, сапалы әрі жедел медициналық қызмет ала алады.
Бұл – Алатау қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған осындай игі бастамалар өз жалғасын таба бермек.

Другие новости

Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

У врача-хирурга центральной больницы Балхашского р...

  29.10.2026   137
Качественная помощь рядом с домом

Качественная помощь рядом с домом

В сельских округах Уйгурского района разворачивает...

  28.10.2026   202
Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында тұрғындардың психикалық денсаулығ...

  27.10.2026   199
Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі тура...

  16.10.2026   929
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.