Пятница, 30 Октября 2026

9 сағатқа созылған күрделі операция: Алматы облысының дәрігерлері ауыр жарақат алған науқастың бет құрылымын қалпына келтірді

9 сағатқа созылған күрделі операция: Алматы облысының дәрігерлері ауыр жарақат алған науқастың бет құрылымын қалпына келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері жақ-бет аймағының ауыр біріктірілген жарақатын алған науқасқа күрделілігі жоғары бірегей операцияны сәтті жүргізді. Мұндай жағдайлар тек өңірлік деңгейде ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша да сирек кездеседі.

Науқас ауруханаға бет сүйектерінің көптеген сынықтарымен өте ауыр жағдайда түсті. Тексеру барысында көз ұясы мен маңдай сүйектерінің сынуы, төменгі жақтың ұсақталған (оскольчатый) сынығы, сондай-ақ Le Fort I, II және III типтері бойынша зақымданулар анықталды. Бұлар — бет аймағының орта бөлігіндегі ең ауыр жарақаттардың қатарына жатады. Сонымен қатар бетсүйек-орбиталды кешеннің сынуы тіркелді.

Мұндай жарақаттар жоғары энергиялы жарақаттар санатына жатады және айқын анатомиялық бұзылыстармен қатар жүреді. Олар тыныс алу, шайнау, сөйлеу және көру сияқты өмірлік маңызды қызметтердің бұзылу қаупін тудырады.

Емдеудің негізгі кезеңі 9 сағатқа созылған күрделі операция болды. Хирургиялық араласу барысында жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері — профессор Искаков М.Ш., Ғнаятов А.К., Искаков М.М., Аскерхан И.Б. — сүйек сынықтарын кезең-кезеңімен репозициялап, бет қаңқасының анатомиялық тұтастығын қалпына келтірді. Оған жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, көз ұясы аймағы және маңдай сүйегі кірді.

Сүйек құрылымдарын тұрақтандыру үшін заманауи остеосинтез әдістері қолданылды. Сонымен қатар бет жұмсақ тіндеріне реконструкция жасалып, бұл науқастың функцияларын да, сыртқы келбетін де қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде дәрігерлер бет қаңқасының тұтастығын қалпына келтіріп, науқастың өмірлік маңызды қызметтерін сақтап қалды және әрі қарай кешенді оңалтуға жағдай жасады.

«Мұндай деңгейдегі операциялар ел көлемінде өте сирек жасалады. Тоғыз сағатқа созылған хирургиялық араласу жоғары дәлдікті, командалық үйлесімділікті және заманауи технологияларды қолдануды талап етті. Біз анатомиялық құрылымды қалпына келтіріп, науқастың негізгі функцияларын сақтап қала алдық», — деді басқарушы компанияның бас директоры Жұмағали Исмаилов.

Мамандар мұндай жарақаттарды емдеу тек мультидисциплинарлық тәсіл мен жоғары білікті медициналық команданың арқасында мүмкін екенін атап өтті.

Бұл жағдай Қазақстандағы медицинаның жоғары деңгейін және күрделі реконструктивті операцияларды жүргізу мүмкіндігін айқын көрсетеді.

Другие новости

Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

У врача-хирурга центральной больницы Балхашского р...

  29.10.2026   148
Качественная помощь рядом с домом

Качественная помощь рядом с домом

В сельских округах Уйгурского района разворачивает...

  28.10.2026   202
Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында тұрғындардың психикалық денсаулығ...

  27.10.2026   199
Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі тура...

  16.10.2026   938
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.