Вторник, 05 Мая 2026

Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді

Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді

Алматы облысында мүгедектікті белгілеу мен әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, қабылданған шешімдердің негізділігін жан-жақты тексеруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті басшының орынбасары Гүлмира Ботабекова айтты.

Бақылау жұмыстары медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылатын құжаттарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, соңғы жылдары енгізілген цифрлық шешімдердің арқасында бұл процесс анағұрлым тиімді бола түсті. Медициналық ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізіліп, азаматтарды сырттай проактивті куәландыру тәжірибесі кеңінен қолданылуда. Бұл өз кезегінде адам факторын азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Алайда жүргізілген талдау барысында республика көлемінде бірқатар заңбұзушылық белгілері анықталған.
«Кейбір медициналық құжаттардың мазмұны бір-біріне айтарлықтай ұқсас болған, талдау нәтижелері мен дәрігерлік қорытындылар қайталанған, тіпті кей жағдайларда тек пациенттердің жеке деректері өзгертіліп, қалған ақпарат өзгеріссіз қалдырылған фактілер кездескен. Мұндай жағдайлар құжаттарды қолдан жасау ықтималдығын көрсетеді»,-деді Гүлмира Ботабекова.
Жалпы республика бойынша осындай 167 жағдай тіркелсе, оның 19-ы Алматы облысының үлесіне тиесілі. Аталған фактілердің барлығы жіті тексеріліп, тиісті шаралар қабылдануда. 
Атап айтқанда, күмән тудырған жағдайлар бойынша қайта бақылау куәландырулары ұйымдастырылып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданған. Сонымен қатар, тексеру нәтижелері шыққанға дейін әлеуметтік төлемдер уақытша тоқтатылып, заңбұзушылықтар расталған жағдайда бұрын қабылданған шешімдер қайта қаралуда. 
Спикердің айтуынша, мұндай бақылау шаралары жүйенің әділдігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Себебі әлеуметтік қолдау шаралары шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс. Ал жалған құжаттар арқылы заңсыз жеңілдіктер алу әрекеттері қоғамдағы сенімге нұқсан келтіреді.
Қазіргі таңда жағдай толықтай құзырлы органның бақылауында. Алдағы уақытта да медико-әлеуметтік сараптама жүйесінде ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасын табады.
Осылайша, Алматы облысында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

Другие новости

От укуса к заболеванию

От укуса к заболеванию

Малярия - это острое инфекционное заболевание, выз...

  05.05.2026   111
Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді

Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді

Алматы облысында мүгедектікті белгілеу мен әлеумет...

  05.05.2026   90
Сельчане благодарят врачей

Сельчане благодарят врачей

В селе Коскудык, входящем в состав города Қонаев,...

  04.05.2026   270
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС

ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС

Фонд социального медицинского страхования (ФСМС) о...

  28.04.2026   438
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.