Пятница, 30 Октября 2026

Алматы облысында алғаш рет MitraClip әдісімен бірегей жүрек отасы жасалды

Алматы облысында алғаш рет MitraClip әдісімен бірегей жүрек отасы жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында мекеме тарихында алғаш рет және Алматы облысында тұңғыш рет MitraClip жоғары технологиялық эндоваскулярлық отасы сәтті жүргізілді. Бұл — ауыр митралды жеткіліксіздікті емдеуге арналған заманауи аз инвазивті әдіс. Бірегей медициналық араласу өңірдегі кардиохирургия қызметінің дамуына серпін беріп, жүректің күрделі патологиялары бар науқастарға көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтті.

Ота айқын митралды регургитациясы бар және ашық хирургиялық араласу жасау аса жоғары қауіппен байланысты болған науқасқа жасалды. MitraClip технологиясының арқасында дәрігерлер кеуде қуысын кеспей және жасанды қанайналым аппаратына қоспай-ақ, тамыр арқылы митралды қақпақшаны түзетуге мүмкіндік алды.

Процедура сәтті өтті. Отаға кардиохирургтар, интервенциялық кардиологтар, анестезиологтар және эхокардиография мамандары қатысты. Мұндай күрделі араласудың сәтті жүзеге асуы — мамандардың кәсіби дайындығының, көпсалалы командалық жұмыстың және әлемдік озық технологияларды АМКБ тәжірибесіне енгізудің нәтижесі.

Жаңа технологияны енгізу аясында ауруханада бейінді мамандардың қатысуымен шеберлік сабағы да ұйымдастырылды. Оның барысында жүрек қақпақшалары ақауларын аз инвазивті тәсілмен емдеудің заманауи әдістері көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, MitraClip технологиясы әсіресе жасы ұлғайған, қосымша аурулары бар немесе хирургиялық тәуекелі жоғары болғандықтан ашық ота жасауға болмайтын пациенттер үшін аса маңызды.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының эндоваскулярлық хирургы Арман Садыков мұндай технологияларды енгізу клиниканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бұл біз үшін жай ғана алғашқы жоғары деңгейлі ота емес. Бұл — өңірдегі жоғары технологиялық медициналық көмектің дамуының жаңа кезеңі. Бүгінде біздің мамандар таяу уақытқа дейін тек ірі шетелдік орталықтарда ғана қолжетімді болған емдеу әдістерін меңгеріп, тәжірибеге енгізуде. Ең бастысы — енді Алматы облысының тұрғындары мұндай көмекті өңірден шықпай-ақ ала алады», — деді Арман Садыков.

АМКБ-да интервенциялық кардиология мен кардиохирургияны дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жақын кезеңде клиника жоғары технологиялық оталардың түрлерін кеңейтіп, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің озық әдістерін енгізуді жоспарлап отыр.

Другие новости

Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

У врача-хирурга центральной больницы Балхашского р...

  29.10.2026   137
Качественная помощь рядом с домом

Качественная помощь рядом с домом

В сельских округах Уйгурского района разворачивает...

  28.10.2026   202
Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында психологиялық көмек көрсететін 1475 колл-орталығы іске қосылды

Алматы облысында тұрғындардың психикалық денсаулығ...

  27.10.2026   199
Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі қатерлі ісігі тура...

  16.10.2026   929
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.